Бірыңғай таңбалау және қадағалау операторы GO DIGITAL EURASIA 2025 форумында цифрландыру тәжірибесімен бөлісті

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
2
0 пікірлер

Астанада өтіп жатқан GO DIGITAL EURASIA 2025 халықаралық форумында заманауи ІТ-шешімдер мен процестерді автоматтандыру мәселелері талқыланды. Форум аясында «Tanba» Бірыңғай таңбалау және қадағалау операторының басқарушы директоры Алмат Исмаилов Қазақстанда тауарларды цифрлық таңбалау жүйесін енгізу тәжірибесі туралы айтып берді.

Алмат Исмаиловтың айтуынша, цифрлық таңбалау жүйесі мемлекетке тауар қозғалысын өндірістен сатылымға дейін бақылауға мүмкіндік береді, ал тұтынушы үшін сатып алынған өнімнің заңдылығы мен түпнұсқалығына кепілдік береді. Ол үшін әр тауар қаптамасына Data Matrix коды салынады. Бұл кодты Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.

«Naqty Onim – тұтынушы үшін пайдалы құрал. Ол тауардың түпнұсқалығын тексеріп қана қоймай, азаматтардың қоғамдық бақылауға қатысуына мүмкіндік береді. Кодты сканерлеген сәтте-ақ тауардың заңды екенін, оны кім өндіргенін және оның жолын біле аласыз. Ал егер код жарамсыз болса немесе мүлде болмаса, қосымша арқылы шағым қалдыруға болады – ары қарай жүйе оны автоматты түрде мемлекеттік органдарға тексеру үшін жібереді», – деді Алмат Исмаилов

Ол сондай-ақ цифрлық таңбалау нақты экономикалық нәтиже беріп отырғанын атап өтті. Соңғы жылдары бюджетке түсетін салық көлемі де, заңсыз өнімдерді анықтау көрсеткіші де айтарлықтай өскен. Қазақстанның стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің болжамы бойынша, 2025–2030 жылдар аралығында таңбалау міндетті саналатын тауар топтары бойынша көлеңкелі айналым көлемі 1,13 пайызға қысқарады.

Бүгінде таңбалау темекі өнімдері, аяқ киім жяне дәрілік заттар таур топтарына міндетті түрде енгізілген. Сонымен қатар, сыра мен сыра өнімдері, мотор майлары, жеңіл өнеркәсіп тауарлары және зергерлік бұйымдар бойынша пилоттық жобалар аяқталған. Ал тұрмыстық химия, биологиялық белсенді қоспалар және тұрмыстық газ баллондары бойынша пилоттық жобалар жақында іске қосылды.
 

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін