Қостанай облысының бөлшек сауда бизнесіне таңбаланған тауарлармен жұмысты оңтайландыру туралы айтылды

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
265
0 пікірлер

Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы «Қазақтелеком» АҚ және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысының ұсақ бөлшек сауда дүкендерінің иелерімен онлайн-кездесу өткізіп, таңбаланған тауарлармен жұмыс істеу бойынша сұрақтарға жауап берді.

Мәселен, үй жанындағы дүкендер үшін таңбалаудың қанша тұратыны, таңбаланған темекі өнімдерін айналымнан қалай шығару керектігі (ҚР-да  темекіге міндетті цифрлық таңбалау 2020 жылдың 1 қазанында енгізілді), markirovka.kz таңбалау жүйесінде тауарларды қабылдау-тапсыру актісі қалай расталатыны бойынша сұрақтар қойылды.

Бірыңғай оператордың айтуынша, барлық осындай мәселелер бөлшек сауда нарығының белсенді қатысушылары кіретін фокус-топтарда талқыланады.

«Фокус-топтарда біз ең өзекті мәселелерді, соның ішінде Data Matrix кодымен темекі өнімдерімен жұмыс істейтін бөлшек сауда үшін бизнес-процестерді жеңілдету нұсқаларын талқылаймыз. Кездесулер нәтижесінде таңбалау жүйесінде қабылдау-тапсыру актілерін міндетті түрде растауды алып тастау бойынша ұсыныстар әзірленді. Мемлекеттік кірістер комитетімен бірге біз осындай бастаманы әзірледің, оны қабылдағаннан кейін бөлшек сауда осы міндетті шарадан босатылады», - деп атап өтті Цифрлық экономиканы дамыту орталығының басқарушы директоры Нұржан Баекеев.

Сонымен қатар, таңбаланған тауарды айналымнан шығару үшін үйдегі дүкендерге 2D-сканер және онлайн-БКМ қажет екендігі айтылды. Оператордың мәліметінше, 2D-сканердің құны 25 мың теңгеден басталады. Бұл ретте, бизнеске осының тегін баламасы - Naqty Sauda Kassa мобильді қосымшасы бар.

МКК акциздерді әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Нұрдәулет Орынтай бизнес-үдерістерді жеңілдеткеннен кейін шағын бөлшек сауда үшін бухгалтер қызметіне қажеттілік болмайтынын түсіндірді.

«Бәрі оңай болады. Актілерді растау бөлшек сауда дүкендері үшін ерікті норма болады. Бұл дегеніміз, кәсіпкер жүйеде актіні растамауы мүмкін, бұл жағдайда тауар автоматты түрде салық төлеушінің балансына қабылданады. Бизнеске тауардағы таңбалау кодын 2D сканермен немесе мобильді қосымшамен сканерлеу қажет және тауар айналымнан шығарылатын болады», - деп атап өтті МКК өкілі.

Бірыңғай оператор нарыққа қатысушылармен, оның ішінде өңірлерде таңбаланған тауарлармен жұмыс істеу бойынша туындайтын барлық мәселелерді пысықтау үшін жұмысты жалғастыратынын атап өткен жөн.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін