ҚР Премьер-Министрі: Тауарларды таңбалау көлеңкелі айналымды азайту құралдарының бірі болып табылады

ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
184
0 пікірлер

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин депутаттық сауалға жауап ретінде тауарлардың таңбалануын нарықтағы көлеңкелі айналымды төмендету құралдарының бірі ретінде белгіледі.

 

«Халықаралық тәжірибеге сәйкес, көлеңкелі тауар айналымын төмендету құралдарының бірі-таңбалау. Сондай - ақ, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бұл механизмді енгізу тауарлардың өмірлік циклін өндірістен немесе импорттан түпкілікті сатуға дейін бақылауға ғана емес, сонымен қатар бюджетке салық түсімін арттыруға мүмкіндік береді», - деп жазды Асқар Мамин.

Премьер-Министр бүгінде республика аумағында тері бұйымдары мен темекі өнімдерін міндетті таңбалау енгізілгенін, ал 2021 жылғы 1 қарашадан бастап аяқ киім өнімдерін міндетті таңбалауды енгізу жоспарланғанын еске салды.

«Тауарларды таңбалау салықтың қосымша түрі болып табылмайтынын атап өту қажет, бұл көлеңкелі айналымнан шығарылған тауарлар есебінен салық салу базасын едәуір кеңейтуге мүмкіндік беретін қолданыстағы салықтық әкімшілендіру жүйесін жақсарту құралы. Нарықты «ағарту» әсерінен басқа, тауарларды таңбалау және олардың қадағалануы отандық нарықты контрафактілік, сапасыз өнімдерден қорғауға мүмкіндік береді және отандық өндірушілердің ЕАЭО нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады», - деп атап өтті Мамин.

Ол атап өткендей, бизнес үшін отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған. Бұдан басқа, белгілі бір тауар топтарына міндетті таңбалауды енгізу туралы шешімдер таңбалауды енгізудің орындылығын талдау, сондай-ақ әртүрлі тауар топтарын таңбалау жөніндегі пилоттық жобалардың қорытындылары бойынша салалық мемлекеттік органдар бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп жүргізетін реттеушілік әсерді талдау нәтижелері негізінде ғана қабылданады.

«Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануын енгізу Қазақстан Республикасының экономикасына, адал бәсекелестікті дамытуға оң мультипликативтік әсер етеді және тауарлардың заңсыз айналымына қарсы іс - қимылдың тиімді кешенді жүйесін құруға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді Асқар Мамин.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін