Қазақстанға бизнесті көлеңкеден шығаруға не көмектеседі

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
82
0 пікірлер

Қазақстанда көлеңкелі экономика, әсіресе сауда саласындағы маңызды мәселе болып қала береді. Мысалы, 2022 жылы оның көлемі 19,5 триллион теңгеге жетті, бұл елдің ЖІӨ-нің 18,7%-на тең. Көлеңкелі экономиканың негізгі үлесі көтерме және бөлшек саудаға тиесілі, ол ЖІӨ-нің 3,1%-ы немесе 3,3 триллион теңге құрайды. Көлеңкелі экономика – бұл экономикалық қызметтің қоғам мен мемлекеттен жасырылған бөлігі. Оның қатарына салық төлеуден жалтаратын заңды кәсіп пен тыйым салынған заттарды дайындау және сатумен айналысатын заңсыз бизнес кіреді.

Бүгінгі Қазақстандағы көлеңкелі айналым

Қазақстанның Cауда және интеграция министрлігі мәліметі бойынша: 2022 жылы 9000 тұлғаның қатысуымен 7,5 триллион теңгеге жалған келісімшарт жасалды. Жоғары аудиторлық Палатаның мәліметі бойынша, 2023 жылы Қазақстан мен ҚХР арасындағы сауда статистикасындағы айырмашылық 7,9 млрд доллар болды, бұл жалпы импорттың 47%-на тең.

Темекі өнімдері: 2023 жылы көлеңкелі айналым көлемі - 32 млрд теңге (көлеңкелі нарықтың 10%).

Аяқ киім: 2023 жылғы көлеңкелі айналым көлемі - 77 млрд теңге (көлеңкелі нарық үлесі 40% немесе елімізге әкелінген әрбір төртінші аяқ-киім).

Дәрілік заттар: 2023 жылы көлеңкелі айналым көлемі - 127 млрд теңге (көлеңкелі нарықтыңі 25%). ДДСҰ мәліметінше,  дамушы елдердегі дәрі-дәрмектің әрбір 10-шы қорабы контрафактілік өнім болып табылады.

Реттеушілік әсерді талдау талап етілетін тауарлар тобы. Бұл топқа киім, зергерлік бұйымдар, сондай-ақ басқа да тауарлар (сыра, өсімдік майы, тұрмыстық химия) кіреді. Бұл топтың көлеңкелі нарығының жалпы үлесі 610 миллиард теңгені құрайды, тауарларды таңбалаудан күтілетін жиынтық әсер - 339 миллиард теңге - осы сомаға көлеңкелі айналым төмендейді.

Онымен не істеуге болады

Тауарларды таңбалау көлеңкелі экономикамен күресудің тиімді құралдарының бірі болып табылады. Бұл шара тауар қозғалысын бақылауға және олардың заңсыз айналымының алдын алуға мүмкіндік береді. Көлеңкелі нарықтың қазіргі деңгейін, сондай-ақ түрлі тауар топтарын мысалға алып, таңбалаудың оң әсерін салыстырайық. Жалпы әсерін Ресейдегі таңбалау процесінің ресми мәліметтеріне қарай отырып тексеруге болады. Тек 2021-2023 жылдар аралығында Қазақстанның көршісі  көлеңкеден 1,1 триллион рубльден астам немесе ағымдағы бағам бойынша 5,7 триллион теңгеден астам ақша шығарды.

Таңбалаудың 2025-2030 жылдары күтілетін оң әсері:

Темекі өнімдері: нарықтың 5%-ын заңдастыру, бюджетке 55 млрд теңге кірістін түсуі және көлеңкелі айналымды 18,2 млрд теңгеге азайту.

Аяқ киім: нарықтың 23%-ын заңдастыру, бюджетке 15 млрд теңге кірістін түсуі, көлеңкелі айналымды 43 млрд теңгеге азайту.

Дәрілік заттар: нарықтың 27%-ын заңдастыру, бюджетке 9,6 млрд теңге кірістін түсуі, көлеңкелі айналымды 137 млрд теңгеге азайту.

Бүгінгі таңда тауарларды таңбалау Қазақстанның ғана емес, ЕАЭО-ға қатысушы барлық елдердің көлеңкелі экономикасына қарсы күрестегі маңызды құрал болып табылады. Бұл нарықты заңдастыруға, бюджетке түсетін кірістердің ұлғаюына және көлеңкелі айналым көлемінің азаюына ықпал етеді. Қазақстанда 2025-2030 жылдары таңбалаудың болжамды жалпы экономикалық әсері 0,9 трлн теңге, ал бес жыл ішінде бюджетке түсетін жалпы болжамды кіріс – 319 млрд теңге.

Қарапайым қазақстандықтарға тауарларды таңбалау және оларды көлеңкеден шығару жалған дәрі-дәрмек, алкоголь, темекі өнімдері немесе аяқ киім сатып алудан және сапасыз тауарларды аулақ болуға көмектеседі. Салық түсімдерін ұлғайту қазақстандық қалалардың инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді, халық игілігі үшін ауруханалар, балабақшалар мен мектептер сынды мемлекеттік нысандар көбірек салынады.

Реттеушілік әсерді талдау (РӘТ) - бұл жаңа заңдар мен ережелердің бизнеске қалай әсер ететінін бағалау процесі. Қазақстанда РӘТ заңдардың пайдалы болуы және кәсіпкерлер үшін қажетсіз қиындықтар туғызбауы үшін қандай өзгерістер қажет екенін түсінуге көмектеседі. Бұл бизнесті қорғау және оның жұмыс жағдайын жақсарту үшін жасалады.
Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін