Алматыда Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай операторы АТ-қауымдастығымен экожүйені дамыту мәселелерін талқылады

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
162
0 пікірлер

14 желтоқсанда MOST IT HUB алаңында тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторы Алматы қаласының АТ-қауымдастығымен бірлесіп, цифрлық таңбалау экожүйесін дамыту бойынша ашық диалог өткізді.

Іс-шараның мақсаты – АТ-қауымдастығын цифрлық таңбалау экожүйесін бірлесіп қалыптастыруға және дамытуға тарту. Өнімді таңбалау және бақылау экожүйесі – цифрландыру және автоматтандыру арқылы бизнеске қосымша құндылық беретін цифрлық өнім кодын пайдаланатын бизнеске арналған цифрлық қызметтер жиынтығы.

«Біз цифрлық таңбалау экожүйесіне көбірек АТ-компанияларды тартуға мүдделіміз, осылайша олар қазақстандық бизнесті тереңірек автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Бақылау және таңбалау құралының көмегімен қазақстандық бизнес АT-компаниялардың әртүрлі шешімдерінің көмегімен автоматтандырудың жаңа деңгейіне көтеріле алады деп есептейміз», - деп бөлісті «Қазақтелеком» АҚ цифрлық таңбалау бойынша бірыңғай операторы, жобалық кеңсенің «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС бас директоры Бикеш Құрманғалиева.

Бірыңғай оператор цифрлық таңбалау экожүйесінің бір бөлігі болғысы келетін АT-компаниялар үшін мүмкіндіктерді көрсетті. Іс-шараға барлығы таңбалау экожүйесіндегі 50-ге жуық АT саласының өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, кездесуде АТ-компаниялардың таңбалау экожүйесімен интеграциясының алғашқы кейстері көрсетілді. Осы компаниялардың бірі - PROsklad тегін бухгалтерлік жүйесі. Жүйе сауда және қойма есебін жүргізуге, сату аналитикасын жасауға, тауарды қабылдау мен қозғалысты жүзеге асыруға, POS-терминалдармен және онлайн-кассалық машиналармен біріктіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар, кіріс шегін 4 есе арттыруға мүмкіндік беретін үш компонентті біріктірілген жүйені ұсынып, ҚҚС шегін 7 есеге арттыруға мүмкіндік береді.

«50 мыңнан астам компания Prosklad-ты тауарларды оңай есепке алу, ыңғайлылық және барлық жаңа заң талаптарын сақталғаны үшін таңдайды. Prosklad-пен автоматтандырылғаннан кейін бизнес 30% пайдаға және бәрі бақылауда деген сенімділікке ие болады. Біз үшін әрбір клиенттің жетістігі маңызды. Сондықтан біз Prosklad-қа таңбаланған тауарларды тіркеу функциясын қостық», - деп түсіндірді PROsklad директоры Данияр Баймұхамет.

«Цифрлық таңбалау экожүйесін дамыту» телеграм-чаты таңбалау экожүйесінің барлық жаңартуларын хабарлау алаңы ретінде таңдалды, оның мүшесі цифрлық таңбалау экожүйесін дамытуға үлес қосқысы келетін АТ қауымдастығының өкілі бола алады. Чатқа мына сілтемеге өтіп қосыла аласыз: https://t.me/+g2JKiiTL1vs2MDdi 

Міндетті таңбалаудың мақсаты - тауарлардың заңсыз айналымын тоқтату және тауарларды бап бойынша есепке алу арқылы елдегі сыбайлас жемқорлық схемаларын анықтау болып табылады. Еске салайық, бүгінде темекі өнімдеріне (2020 жылдың 1 қазанынан), аяқ киімге (2021 жылдың 1 қарашасынан бастап) міндетті таңбалау енгізілді. Ал 2022 жылдың шілдесінен бастап дәрілік заттарды да міндетті түрде таңбалау енгізілді.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін