Қазақстандық оператор ЕАЭО елдерімен цифрлық таңбалау саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды дамытуда

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
329
0 пікірлер

Цифрлық экономиканы дамыту орталығы ЕАЭО елдерінің тауарларын таңбалаудың ұлттық операторларымен- «Издание Белбланкавыд» (Беларусь), «Альфа – телеком» (Қырғызстан) және ЦРПТ-Армения компанияларымен онлайн-кездесулер ұйымдастырды.

Тараптар цифрлық таңбалау және тауарларды қадағалау саласындағы елдер арасындағы ынтымақтастықты талқылады, таңбалау үшін жұмылдырылған және әлеуетті тауар топтарын таңбалау бойынша тәжірибемен, пилоттық жобаларды іске асыру тетіктерімен, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің интеграциялық процестерімен алмасты.

«Қазақстан ЕАЭО елдері арасында алғашқылардың бірі болып Data Matrix технологиясын қолдана бастады. Цифрлық таңбалау жобасы аясындағы мақсаттар мен міндеттер Одақтың барлық елдері үшін бірдей. Сондықтан біздің жұмысымызда күш-жігерді шоғырландыру маңызды. Біз осы саладағы әріптес елдермен ынтымақтастықты дамытуға ниеттіміз, тұрақты негізде тәжірибе алмасуға дайынбыз. Бұл ретте елдер арасындағы сауда айналымы өсіп келеді, сондықтан кезең - кезеңмен біз елдер арасындағы таңбалау кодтарын өзара тану қажеттігіне келеміз», - деп атап өтті Цифрлық экономиканы дамыту орталығының басқарушы директоры Нұржан Баекеев.

Кездесу қорытындысы бойынша елдер жекелеген тауар топтары бойынша бірлескен жол карталарын дайындауға келісті. Онда нормативтік-құқықтық рәсімдер, техникалық мәселелер, сондай-ақ таңбалау кодтарын өзара тану жөніндегі оператораралық келісімдердің жобаларын дайындау және келісу жөніндегі іс-шаралар кезең-кезеңімен сипатталады.

Айта кетейік, Беларусь елінде қазіргі уақытта сүт өнімдеріне, атап айтқанда, балмұздақ пен ірімшікке міндетті цифрлық таңбалау енгізілген, сонымен қатар биыл 40 күнге дейін және одан да көп сақтау мерзімі бар сүт өнімлеріне, аяқ киім, шиналарды міндетті түрде таңбалау жоспарлануда. Қырғызстанда қазірдің өзінде алкоголь мен темекіні таңбалау бар. Арменияда қазір бірқатар тауар топтары бойынша пилоттық жобалар өтіп жатыр.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін