Ресей мен Беларусьте ұзақ сақтау мерзімі бар сүтті экспорттаудың жаңа ережелері күшіне енді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
187
0 пікірлер

2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Ресей мен Беларусьте сақтау мерзімі 40 тәуліктен асатын сүт өнімдері енді Data Matrix цифрлық кодымен таңбаланады. Бұл таңбаланбаған өнім осы елдердің шекарасынан өте алмайтындығын білдіреді. Жаңа қағидалар ЕАЭО елдерінің, оның ішінде Қазақстанның экспорттаушыларына да қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, РФ мен БР-да сақтау мерзімі 40 тәулікке дейінгі сүт өнімдерін, сондай-ақ ірімшік пен балмұздақты цифрлық таңбалау енгізілді.

Қазақстанда сүт өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жоба өткізілді. Қазіргі уақытта сүтті міндетті таңбалауды енгізу мерзімдері мен кезеңдерін мемлекеттік органдар бизнеспен бірлесіп талқылауда.

Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау нарықты "ағартуға", тұтынушыларды жалған, сапасыз өнімдерден қорғауға, нарықтағы адал бәсекелестікке жағдай жасауға бағытталған. 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін