«Adal сүт» және «Raimbek – agro» компанияларында цифрлық таңбалау процесі сыналды

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
202
0 пікірлер

ҚР таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы «Adal сүт» ЖШС және «Raimbek – agro» ЖШС өндірістік алаңдарында сүт өнімдерін цифрлық таңбалау жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде өнімге Data Matrix кодтарын енгізудің түрлі тәсілдерін апробациялады. Бұл процеске ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.

Сонымен, «Adal сүт»-те тетра-фино-асептик қаптамасына таңбалау кодтарын тікелей жағу тәсілі, сондай-ақ тетра-пак (тетра-брик) қаптамасын автоматты стикеттеу тестіленді. Бұдан басқа, бұдан әрі өнімді айналымға енгізу үшін кодтарды оқи отырып, бұрын типографиялық тәсілмен таңбаланған пюр-пак қаптамасына сүтті құю әдісі де сынақтан өткізілді. Сондай-ақ, майды қолмен таңбалау жүзеге асырылды.

«Raimbek-agro»-да сүт өнімдерін таңбалаудың толық циклын көрсете отырып, тетра-пак қаптамасын автоматты стикеттеу жүргізілді, оның ішінде пайдаланушыны таңбалау жүйесінде тіркеу, тауар карточкасын жасау, эмиссия және таңбалау кодтарын енгізу, агрегаттау, таңбаланған тауарды айналымға енгізу және айналымнан шығару.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін