Data Matrix-ті типографиялық әдіспен қолдану-бизнес үшін тиімді шешім

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
225
0 пікірлер

«Эмиль» сүт өнімдерін өндіруші компаниясында тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы Data Matrix кодымен баспаханалық тәсілмен таңбаланған сүтті тұтыну қаптамасына құю әдісін сынақтан өткізді. Бұл әдіс өндірушілер үшін үнемді балама болып табылады, өйткені қаптамалар өндіріске қазірдің өзінде таңбаланған.

Процесс сүт өнімдерін цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба аясында өтті. Апробация сүтке арналған жұмсақ қаптамаларда (фин-пак) және айранға арналған пюр-пак қаптамаларында жүргізілді. Сүт өнімдерін конвейердегі қаптамаларға құйғаннан кейін сәйкестендіру құралдары – таңбалау кодтары оқылды. Осылайша, өнім айналымға енгізілді. Айта кету керек, ақаулы кодтарды анықтаған жағдайда оқуға арналған жабдықпен Data Matrix қабылданбады.

Осылайша, тестілеу барысында пилоттық жобаның қатысушысы – «Эмиль» компаниясы процесті егжей-тегжейлі зерделеуге және дайын өнімді баспаханада таңбаланған қаптамаға құю тәсілімен танысуға мүмкіндік алды.

«Пилоттық жоба - бұл өндірушілер үшін сүт өнімдерін цифрлық таңбалаудың түрлі тәсілдері мен тетіктерін зерделеу бойынша тиімді нұсқа. Бүгін біз типографиялық әдісті сынап көрдік. Бұл әдісті қолданған кезде бизнес тек таңбаланған өнімді айналымға енгізу үшін техникалық көріністі орнатуы керек. Яғни таңбалау үшін жабдықты сатып алудың қажеті жоқ, өйткені кодтарды басып шығару баспахананың өзінде жүреді. Бұл өндірушілер үшін үнемді шешім», - деп атап өтті тестілеу барысында сүт өнімдерін таңбалау жөніндегі жобаның жетекшісі Айдар Рақыш.

Естеріңізге сала кетейік, цифрлық таңбалаудың көмегімен жосықсыз бәсекенің жолы кесіледі, тұтынушылар Naqty Onim қосымшасы арқылы тауардың түпнұсқалығын растай алады, сондай-ақ өнімнің қозғалысын есепке алу рәсімдерін стандарттауға және біріздендіруге болады.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін