Бизнес енді баспаханаларда Data Matrix кодтарына тапсырыс бере алады

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
297
0 пікірлер

Цифрлық экономиканы дамыту орталығы Data Matrix таңбалау кодтарына тапсырыс беру және енгізу үшін тағы бір нұсқа жасады. Енді өндірушілер мен импорттаушылар арнайы жабдықты орнатпай, аккредиттелген баспаханаларға жүгіне алады.

 

Бұл не береді?

Бұл мүмкіндік өндірушілердің күрделі шығындарын және өндіріс желілерінің баяулау қаупін азайтады. Бизнес баспа арқылы тауарға цифрлық кодты қолданудың бірнеше нұсқасын таңдай алады: стикерлеу, онда код өнімге жабыстырылатын ақ жапсырмада болады және этикеттеу – кәсіпкер пайдаланатын өнімнің жапсырмаларында таңбалау кодтарын басып шығару. Осылайша, типография таңбалау провайдері қызметіне айналады.

 

Сонымен қатар, бір типография бірнеше кәсіпорындарға қызмет көрсетеді, сондықтан бизнес үшін бұл таңбалау кодтарымен жұмыс істеудің тиімді нұсқасы.

 

Баспаханаларға қандай талаптар қойылады?

Баспахана Цифрлық экономиканы дамыту орталығында аккредиттелуі тиіс. Ең бастысы, олар таңбалау кодын қолданудың жоғары сапасын қамтамасыз ете алуы және халықаралық стандарттарға сәйкес келуі қажет. Баспаханалар осындай қызметті көрсету үшін 8-800-080-65-65 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыра алады.

 

Қандай баспахана қазір қызмет көрсетуде?

Мұндай модель бойынша бүгінде екі баспахана жұмыс істейді – "Классика" және "Intellservice" компаниялары, олар қазірдің өзінде белгілі бір өнім түрлеріне арналған кодтарды басып шығару және қолдану бойынша қызметтер көрсете алады. Бұл ретте әрбір типография өз қызметтерінің құнын кодтардың мөлшеріне және олардың техникалық сипаттамаларына қарай дербес айқындайды.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін