ҚР Таңбалаудың бірыңғай операторы мен KPMG тауарларды цифрлық таңбалау бойынша бірлескен вебинар өткізді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
201
0 пікірлер

ҚР-да тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы KPMG-мен бірлесіп кәсіпкерлерге арналған «Қазақстанда тауарлар айналымын таңбалау мен қадағалау» тақырыбында бірлескен вебинар өткізді.

Вебинар барысында ҚР-да цифрлық таңбалаудың қалай жұмыс істейтіні туралы толық ақпарат берілді, бизнес-үдеріске қатысушылардың рөлі түсіндірілді. Сондай-ақ, Data Matrix кодының құрылымы туралы пайдалы ақпарат берілді, барлық негізгі нормативтік-құқықтық актілердің нормалары қаралды және талданды. Сонымен қатар, бизнес өкілдері таңбалау жобасын өз салаларында табысты енгізудің үздік тәжірибелерін біле алды.

Вебинар 2 күн бойы өтті, қатысушылар цифрлыу таңбалау тақырыбы бойынша барлық сұрақтарды қойып, оларға толық жауап ала алды.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін