ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінде зергерлік бұйымдарды таңбалауға арналған пилоттық жобаның жұмыс тобының отырысы өтті

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
180
0 пікірлер

Отырысқа Комитет төрағасының орынбасары Арыстан Кенжалинов, Цифрлық экономиканы дамыту орталығының басқарушы директоры Нұржан Баекеев, Қазақстан зергерлері лигасының төрағасы Қайсар Жұмағалиев, Бағалы металдарды және бағалы тастарды тәуелсіз сараптау орталығының Сынау зертханасының директоры Бақша Дәмебаева, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің және Цифрлық экономиканы дамыту орталығының өкілдері қатысты.

Қымбат металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды таңбалау жобасының жетекшісі Ерлан Нұрмағанбетов пилоттық жобаның жай-күйіне тоқталды. Ол бүгінде жұмыс тобының құрамы анықталып, зергерлік бұйымдар нарығына егжей-тегжейлі талдау жасалып, таңбалануға жататын зергерлік бұйымдардың тізімі жасалғанын атап өтті.

Сонымен қатар, пилоттық жобаға қатысушылардың негізгі құрамын анықтау, өндірістік және логистикалық процестерді, сондай-ақ пилоттық қатысушылар пайдаланатын ақпараттық жүйелерді зерделеу жоспарлануда.

Пилотқа қатысуға өтінімді https://clck.ru/e4qfe сілтемесін басу арқылы беруге болады.

Пилоттық жобаға қатысушылар үшін қажетті жабдықтарды және оңтайлы технологиялық шешімді таңдау үшін сәйкестендіру құралдарын қолдану бойынша эксперименттер сериясы да жүргізіледі.

Отырыс қорытындысы бойынша Индустриялық даму комитетіне «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, Жол картасындағы іс-шаралардың белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ тауарларға таңбалау кодтарын қолдану тәртібін пысықтау тапсырылды.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін