Қазақстанда сыра өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жоба аяқталды

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
18
0 пікірлер

Қазақстанда сыра өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жоба сәтті аяқталды. Пилот шеңберінде негізгі бизнес-процестер пысықталды: нарық қатысушыларын тіркеу, өндірістік желілерде таңбалау кодтарын қолдану, өнімдерді тасымалдау қаптамасына біріктіру, меншік құқығын беру, сату кезінде өнімді айналымнан шығару.

Пилоттық жобаны Tanba Бірыңғай таңбалау және қадағалау операторы, Мемлекеттік кірістер комитеті және «Атамекен» ҰКП бірлесіп жүзеге асырды. Жобаға нарықтағы 8 отандық өндіруші мен 5 импорттаушы қатысты.

«Бірыңғай оператордың міндеті – Data Matrix кодтарын сапалы түрде енгізу ғана емес, сонымен қатар тауарлар айналымының бүкіл кезендерінде жедел бақылаумен қамтамасыз ету. Біздің жүйе жоғары жылдамдықтағы өндірістік желілерде тиімді жұмыс істейтінін көрсетті, сондықтан біз сыра өнімдері бойынша цифрлық таңбалауды енгізуге техникалық тұрғыдан толық дайынбыз», – дейді Бірыңғай таңбалау операторының жобалық офисінің басқарушы директоры Алмат Исмаилов.

Цифрлық таңбалау әрбір сыра бөтелкесінің өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі жолын қадағалауға мүмкіндік береді – меншік иесінің ауысуын, тауардың қозғалысын және соңғы сатылымын тіркейді. Міндетті таңбалауды енгізу осы акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын азайтуға, бюджетке салықтар мен алымдардың түсуін арттыруға, сондай-ақ өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.

Бүгінгі таңда міндетті таңбалау үш тауар тобына енгізілді: аяқ киім, темекі бұйымдары және дәрілік заттар. Бүгінгі таңда зергерлік бұйымдар, жеңіл өнеркәсіп тауарлары және мотор майлары таңбалау бойынша пилоттық жобалар аяқталды. Жақында биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау пилоты іске қосылды, ал тұрмыстық химия мен медициналық бұйымдарға қатысты жобалар әзірлік кезеңінде.

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін