Қазақстанда мотор майын таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
117
0 пікірлер

Тұтынушыларды контрафактілік өнімдерден қорғау және елде мотор майларының ашық нарығын құру үшін мотор майларын цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Қазіргі уақытта автомобиль тауарларының ішкі нарығында жалған өнім көлемінің өсуі байқалады. Мотор майларын қолдан жасау күрделі мәселе болып табылады, өйткені контрафактілік майларды пайдалану көліктің жағдайын зор зақым келтіруі мүмкін.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес, мотор майларын цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба 2024 жылғы 1 ақпаннан 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.

Дайындық жұмыстары аясында өткен жылы Тауарларды таңбалау және қадағалау бойынша бірыңғай оператор өкілдері Павлодар, Семей және Шымкент қалаларындағы отандық үш ірі мотор майын өндірушілердің өндіріс орындарына іссапармен барып келді. Өндіріс орындарын шолу шеңберінде пилоттық жобаға қатысушылардың логистикалық және сауда процестерімен қатар пайдаланылатын ақпараттық жүйелері де зерттелді.

«Мотор майларының таңбалануы және қадағалануы контрафактімен күресуге және отандық өнімге деген сенімді арттыруға көмектеседі деп сенеміз. Біз пилоттық жобаны жүзеге асыруға толық дайынбыз және Бірыңғай оператормен осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», - деп түсініктеме береді «Семей мұнай зауыты» ЖШС бас директоры Звезда Юрий Олегович.

Пилоттық жобаға өндірушілер, импорттаушылар, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары қатыса алады. Кәсіпкерлік субъектілері үшін пилоттық жобаға қатысу таңбалаудың ақпараттық жүйесінің функционалдығын тегін тексеруге, таңбалау процесін ағымдағы өндірістік процестерге енгізудіі пысықтауға және таңбалау кодтарын қолданудың әртүрлі әдістерін сынауға мүмкіндік береді.

Еске салайық, Қазақстанда қазіргі уақытта міндетті цифрлық таңбалау және қадағалау үш өнім тобына қолданылады: 2020 жылдан бастап темекі өнімдері, 2021 жылдың қарашасынан бастап аяқ киім өнімдері және 2022 жылдың қарашасынан бастап 90 дәрілік затқа, ал 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап 100% дәрілік заттарға қолданылатын болады.

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін