Қазақстанда таңбалау арқылы құрамында есірткі заттары бар дәрі-дәрмек айналымына бақылау күшейтілді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
9
0 пікірлер

Қазақстанда барлық дәрі-дәрмектерге енгізілген міндетті цифрлық таңбалау құрамында есірткі заттары бар препараттардың заңсыз айналымымен күресте тиімді құралға айналды. Бұл құқық қорғау және бақылаушы органдарға сол дәрілердің жолын әр кезеңде бақылауды күшейтуге мүмкіндік берді.

2024 жылғы 1 шілдеден кейін шығарылған барлық дәрі-дәрмектердің қаптамаларында өндірістен бастап дәріханаға дейінгі жолын бақылауға мүмкіндік беретін Data Matrix коды болуы тиіс.

«Tanba» Бірыңғай таңбалау және қадағалау операторының дәрі-дәрмек таңбалау жобасының жетекшісі Анар Қарибаеваның айтуынша, бұл тәсіл жалған дәрілердің таралуына және заңсыз саудаға жол бермеуге көмектеседі.

«Бірыңғай оператордың аналитикалық платформасы мемлекеттік органдарға дәрі-дәрмектер қозғалысына қатысты толық ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, логистика барысында қаптамалардың «жоғалуы» немесе бұрын сатылып кеткен кодтарды қайта енгізу әрекеттері жүйеде бірден тіркеліп, тексеріс жүргізу үшін негіз бола алады», – деді Анар Қарибаева.

Бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов те дәрі-дәрмектердің қозғалысын бақылауға арналған аналитикалық платформаның техникалық мүмкіндіктері жоғары екенін атап өтті.

«Біз дәрі-дәрмектің қай жерде екенін түгел көре аламыз. Яғни оның қай жерде өндірілгені, қайда жөнелтілгені – осының бәрі платформада толық көрсетіледі», – деп журналистердің сауалдарына жауап берді ол.

Таңбалау жүйесі құқық қорғау органдарына да, салалық реттеушілерге де дәрі-дәрмектің нақты орналасуын нақты уақытта бақылауға мүмкіндік береді. Осылайша, міндетті таңбалау фармацевтика нарығының ашықтығын арттырып, пациенттердің қауіпсіздігін күшейтеді және саладағы адал бәсекенің дамуына жол ашады.

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін