NaqtySauda.Akt: таңбаланған тауарларды тапсыруға арналған тегін мобильді қосымша

ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
109
0 пікірлер

Бірыңғай таңбалау операторы таңбаланған тауарларды қабылдау-тапсыру актілерін жасау және растау кезінде 2D-сканерлерге балама ретінде тегін NaqtySauda.Akt мобильді қосымшасын ұсынып отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда темекі өнімдері мен аяқ киімдерді міндетті цифрлық таңбалау енгізілген. Айналымның бір қатысушысынан екіншісіне таңбаланған тауарлардың қозғалысы таңбалаудың ақпараттық жүйесінде қадағаланады.

NaqtySauda.Akt мобильді қосымшасы арқылы кәсіпкерлердің осы қосымша орнатылған мобильді құрылғының камерасымен таңбалау кодтарын сканерлеу арқылы таңбаланған тауарларды қабылдау-тапсыру актілерін жасауға, растауға немесе қабылдамауға мүмкіндіктері бар.

Қосымшамен жұмысты бастау үшін https://elk.prod.markirovka.ismet.kz/register сілтемесі бойынша таңбалау жүйесіне тіркелу қажет, ЭЦҚ файлын мобильдік құрылғыға жүктеу және осы ЭЦҚ паролін пайдалана отырып, қосымшаға кіру керек.

NaqtySauda.Akt қосымшасы Google Play-де https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.softstroy.naqtysauda_act және App Store https://apps.apple.com/kz/app/naqtysauda-akt/id1547596378 жүктеуге болады.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін