Naqty Onim-тауардың заңдылығын анықтаудағы сіздің көмекшіңіз

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
225
0 пікірлер

ҚР – дағы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы – Цифрлық экономиканы дамыту орталығы-тұтынушыларға Data Matrix кодын сканерлеу арқылы тауарды заңдылыққа тексеруге мүмкіндік беретін Naqty Onim тегін мобильді қосымшасын әзірледі.

Бүгінгі таңда темекі өнімдерін осылай тексеруге болады. Оларға 2020 жылдың 1 қазанында міндетті цифрлық таңбалау енгізілгені белгілі.

Қосымшамен жұмыс жасау қте ыңғайлы. Ол арқылы өнімдегі Data Matrix кодын сканерлеп, содан кейін тұтынушы өнім туралы негізгі ақпаратты көре алады: өндіруші туралы ақпарат, құрамы, сериялық нөмірі, жарамдылық мерзімі және басқа да маңызды ақпарат. Болашақта тауарлардың басқа топтарын, мысалы, тез бұзылатын сүт өнімдерін тексеруге болады. Егер таңбалау кодын сканерлеп, сатып алушы жарамдылық мерзімі сәйкес келмейтінін анықтаса, ол бұзушылық туралы мемлекеттік органға тікелей қосымшаның өзінде жаза алады. Осылайша, қосымшаны пайдалану тұтынушыларда саналы тұтынуды қалыптастыруға көмектеседі.

Naqty Onim мобильді қосымшасын AppStore және PlayMarket-тен жүктеуге болады.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін