Қазақстан мен Ресей ББҚ-ны цифрлық таңбалау саласындағы әріптестікті нығайтуда

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
3
0 пікірлер

«Tanba»  Бірыңғай таңбалау және қадағалау операторының өкілдері Мәскеуде Ресейдегі «Честный знак» таңбалау жүйесінің операторы – Перспективалық технологиялар дамыту орталығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) цифрлық таңбалау және қадағалау бағытындағы тәжірибе алмасу өтті.

Қазақстандық тарапқа Ресейде міндетті таңбалауға көшу кезінде жүйелік ақауларға жол бермеуге мүмкіндік берген нәтижелер мен практикалық қорытындылар ұсынылды. Сонымен қатар, қатысушылар ББҚ таңбалауын енгізу тәжірибесін қарастырды. Оның ішінде: реттеушілік база, көшу кезеңдері, нарық қатысушыларымен өзара іс-қимыл, техникалық шешімдер, логистикамен, дәріханалық жүйелермен және электрондық саудамен ықпалдасу мәселелері қамтылды.

«Tanba»  Бірыңғай операторының бас директоры Бикеш Құрманғалиева практикалық тәжірибе алмасу мен цифрлық шешімдерді дамытудағы елдер арасындағы диалогтың маңыздылығын атап өтті.

«Биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу – халық денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен тұтынушыларды қорғаудағы маңызды қадам. Ресей бұл жолдан өтіп, бюджет кірістерін екі еседен астам арттырды. Таңбалау арқылы РФ аумағында тыйым салынған заттардың айналымына тосқауыл қойылып, кассалық аппараттар арқылы таңбаланбаған ББҚ сатуға тыйым салынды», – деді Бикеш Құрманғалиева.

Сонымен қатар, ол ЕАЭО елдері арасындағы таңбалау кодтарын өзара тану мәселесінің өзектілігін ерекше атап өтті. Бұл – трансшекаралық сауданы тиімді жүргізуге және процестердің қайталануын болдырмауға мүмкіндік беретін маңызды тетік.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделілік танытты. Алдағы уақытта техникалық консультациялар өткізу, оқу іс-шараларын ұйымдастыру және таңбалау операторлары мен мемлекеттік органдар арасында тұрақты ақпарат алмасу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
 

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін