Қазақстандық студенттер тауарларды цифрлық қадағалауға арналған инновациялық шешімдерді ұсынды

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
121
0 пікірлер

2023 жылдың 13-16 қазан аралығында Назарбаев Университетінің алаңында өткен «Қазақстандағы цифрлық таңбалау және қадағалау. Мүмкіндіктер мен перспективалар» атты хакатонның жеңімпаздары марапатталынды. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаз атанған 6 команда тауарларды цифрлық таңбалау бойынша ұсынған инновациялық шешімдері үшін бағалы сыйлықтарға ие болды.
 


Іс-шараның мақсаты – студенттердің өнімді бақылауда цифрлық технологияларға қызығушылығын арттыру. Хакатонды «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС мен Назарбаев Университеті жанындағы Google Developer Student Club бірлесіп ұйымдастырды.

«Жобаға көптеген талантты жастар мен мамандардың қатысып жатқаны - өте қуанышты жайт. Біз қатысушылардың дайындығының лайықты деңгейін және үлкен әлеуетті көрдік. Бұл хакатон біз үшін жаңалық болды - байқауға 100-ден астам адам қатысты», - деді «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС басқарушы директоры Алмат Исмаилов.
 

Студенттер өз жобаларын үш номинация бойынша қорғады: үздік техникалық шешім, үздік кейс шешімі және қазылар алқасының көзайымы сыйлығы. «Қазылар алқасының көзайымы сыйлығы» номинациясында «Butterfly» командасы – Аяулым Саякова, Диас Арыспаев және Алина Закерьянова жеңімпаз атанды. «Үздік техникалық шешім» номинациясында «TezTapDev» командасы – Нұржан Аманбаев, Әдемі Жанұзақова және Даниал Шокобалинов жеңімпаз атанды. «Үздік шешім» номинациясында «Team Tamer» - Тамерлан Қалдығұлов, Еркебұлан Еркінұлы және Нұрбек Бақтығали жеңімпаз атанды.

«Тұтынушылар үшін қауіпсіздік пен жоғары сапалы өнім өте маңызды. Цифрлық бақылау тауарлардың түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді және тұтынушылар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл өз ретінде экономиканы нығайтып, брендтердің беделін арттырады», - деп бөлісті хакатон қатысушысы Арайлым Қанатқызы.

Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесі тауардың елге қалай және қай жерден кіріп, сатып алушыға жеткені анық болатын сауда тізбегін ашық етуге көмектеседі. Аталмыш жүйе көлеңкелі нарықты тазарту, салық жинауды арттыру, тұтынушыларды сапасыз өнімнен қорғау құралы болады.

«Біз қосымшаға тауар өндіретін компаниялардың өз өнімдері туралы бейнероликтерді орналастыру мүмкіндігін енгізуді ұсындық, онда сіз бұл өнімнің қалай шығарылғанын көре аласыз. Компаниялар үшін мінсіз бедел өте маңызды, осылайша компания кез келген өнімді өндіруде жоғары сапалы өнім қолданылғанын және барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталғанын көрсетуге мүмкіндік алады», - деп бөлісті хакатон қатысушысы.

Хакатон нәтижесінде «TezTapDev» және «Team Tamer» командаларының мүшелері бағалы сыйлықтармен қатар «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС-да тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.

«Таңбалау бизнестің тиімділігін арттыруға, тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ел экономикасын дамыту жағдайын жақсартуға арналған. Біз Naqty Onim қолданбасына өнім туралы маңызды ақпарат бөлімдерін енгізуді ұсындық, мысалы: пайдалану әдісі, аллергендер, сертификаттау және т.б. Біз бұл инновацияларды өз қажеттіліктерімізге, дәрі-дәрмек, аяқ киім немесе азық-түлік сатып алғанда неге назар аударатынымызды ескере отырып ұсындық», - деп бөлісті хакатон қатысушысы.

Хакатонның барлық қатысушылары мен жеңімпаздары естелік және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін