Қазақстандықтарға жеке компаниялардың қоймалық есебіне арналған коммерциялық таңбалаудың презентациясы өткізілді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
107
0 пікірлер

25-27 қыркүйек аралығында Иннопром.Қазақстан халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысу аясында Цифрлық экономиканы дамыту орталығының қызметкерлері көрме қатысушыларына жеке компаниялардың қоймалық есебіне арналған коммерциялық таңбалау туралы айтып берді.

Цифрлық экономиканы дамыту орталығы өнім кодтарын жасап шығаруға, тауарлық-материалдық құндылықтарды шығаруға, оларды қабылдау, жіберуге және оларды түгендеу есебін ұялы телефоннан жүргізуге мүмкіндік беретін «Track&Trace» жүйесін іске қосты. Аталмыш жүйенің көмегімен компанияның клиенттері түгендеу уақытын қысқарта алады, активтерді ұрлауды болдырмайды және активтерді сатып алуды ұйымдастыруға кететін шығындарды азайтады.

Track&Trace ақпараттық жүйесі көрмеге келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды. Орталық қызметкерлері жүйеге қызығушылық танытқан қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, жеке консультациялар өткізді.

Иннопром.Қазақстан – сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту, жаңа нарықтарды ашу, серіктестерді, тұтынушылар мен жеткізушілерді табу және жаһандық тәжірибе алмасу үшін перспективалық алаң болып табылатын делегациялар басшыларының қатысуымен өтетін ресейлік-қазақстандық индустриялық форумы. Қазақстандық Иннопром көрмесінің тақырыбы болып қазіргі заманның индустриялық стратегиялары таңдалды. Елорданың ЭКСПО орталығының аумағында ұйымдастырылған көрмеге ЕАЭО елдерінен 300-ден астам кәсіпорын мен компания қатысты.

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін