Таңбалау саласындағы сарапшылар тікелей эфирде бизнестің сұрақтарына жауап беруде

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
231
0 пікірлер

Цифрлық таңбалау бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды, сондай-ақ markirovka.kz жүйесінде жұмыс істеу бойынша ұсынымдарды апта сайын Instagram-дағы ресми аккаунттан тікелей эфирде алуға болады. Цифрлық экономиканы дамыту орталығы жұма күні сағат 15.00-де бизнесті қызықтыратын сұрақтарын қоюға және «бірінші тараптан» жауап алуға шақырады.

Қазіргі уақытқа дейін екі эфир өткізілді. Біріншісі аяқ киімді цифрлық таңбалауға арналды. 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстанда осы тауарлар тобын міндетті таңбалауды енгізу жоспарланып отырғаны белгілі. Жоба жетекшісі Мухаммедхайдар Сеит тікелей эфирде тауарға таңбалау кодтары қайда қолданылуы керек, аяқ киім импорттаушылары, өндірушілері Data Matrix кодын қалай алуы керек, бір жұп аяқ киімге кодтың құны қандай, таңбаланған тауарды қайтарған жағдайда не істеу керек және т.б. сұрақтарға жауап берді.

«Бизнес аяқ киімнің міндетті цифрлық таңбалануын енгізуге дайын болуы өте маңызды. Бұл үшін таңбалау жүйесінің өнімді нұсқасынан басқа, кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін Data Matrix кодтарына тапсырыс беруді қоса алғанда, барлық процестерді пысықтауға болатын тесттік орта да құрылды. Біз сала өкілдерімен вебинарларды жиі өткіземіз, олардың сұрақтарына жауап береміз», - деп атап өтті сарапшы эфир барысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, аяқ киімді цифрлық таңбалауды енгізу өзекті міндет болып табылады, өйткені бұл нарықтағы көлеңкелі айналым жалпы көлемнің шамамен 48,5% ын құрайды, ал цифрлық таңбалау оны «ағартуға» және контрафактіден тазартуға ықпал етпек.

Бұдан басқа, акцизделетін тауарларды– темекі және алкоголь өнімдерін цифрлық таңбалау бойынша тікелей эфир өтті. Жоба жетекшісі Нұрәлі Кенжебеков 2020 жылғы 1 қазанда енгізілген міндетті таңбалау темекі өнімдерімен қалай жұмыс істеу керектігі туралы егжей-тегжейлі айтып беріп, сондай-ақ жаңа талаптарға сәйкес негізгі талаптарды атап өтті.

«Өткен жылдан бастап темекі өнімдері үшін цифрлық таңбалау міндетті болды. 1 сәуірден бастап бұл ережелер балама темекі үшін де міндетті  Бұл жаппай сұранысқа ие тауарлар, сондықтан сапа кепілдігі басымдыққа айналады. Қазірдің өзінде темекінің түпнұсқалығын Naqty Onim мобильді қосымшасымен тексеруге болады», - деп атап өтті Нұрәлі Кенжебеков.

Бизнес сұрақтарына тікелей эфирде @markirovkakz парақшасында жауап беру дәстүрлі формат болмақ. Осылайша, кәсіпкерлердің тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау мәселелері бойынша хабардар болуы арттырылады.

Аяқ киімді цифрлық таңбалау бойынша тікелей эфирдің жазбасын мына сілтеме бойынша көруге болады - https://www.instagram.com/tv/CRYjo4UpgbB/?utm_source=ig_web_copy_link, акцизделетін өнімдер бойынша эфир жазбасы -https://www.instagram.com/tv/CRqjkomJ79W/?utm_source=ig_web_copy_link.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін