Бірыңғай оператор Қазақстан зергерлерінің Конгресінде бизнесті цифрлық таңбалау жүйесімен таныстырды

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
7
0 пікірлер

«Tanba» Бірыңғай таңбалау және қадағалау операторы Қазақстан зергерлерінің алғашқы Конгресі аясында  цифрлық таңбалау жүйесімен таныстырды. Таңбалау жобасының жетекшісі Олжас Алтаев бизнес өкілдеріне Қазақстанда цифрлық таңбалауды енгізу барысы, оның мүмкіндіктері мен мемлекет, бизнес және тұтынушылар үшін артықшылықтары туралы айтып берді.

Зергерлік бұйымдарды цифрлық таңбалау жобасы әр тауарға бірегей Data Matrix кодын енгізуді көздейді. Бұл кодта тауар түрі, өндіруші туралы мәлімет, жеке нөмір мен криптографиялық қорғаныс қамтылады. Таңбалау жүйесі өнімнің өндірістен немесе импорттан бастап соңғы тұтынушыға дейінгі барлық жолын дәл қадағалауға мүмкіндік береді.

«Цифрлық таңбалау – бұл барлық тараптардың мүддесі қорғалған ашық әрі өркениетті нарыққа жасалған маңызды қадам. Тұтынушы тауар туралы шынайы ақпарат алады, бизнеске – заңсыз бәсекелестікпен күресуге және сенімділік арттыруға арналған құралдарға ие болады, ал мемлекет үшін – тиімді бақылау мен салық түсімдерінің өсуін қамтамасыз етеді», – деді Алтаев.

 


Тұтынушылар үшін негізгі артықшылықтардың бірі – кодты сканерлеу арқылы тауардың заңдылығын тексеру мүмкіндігі. Бұл арқылы тауардың сипаттамасы, сәйкестік сертификаттары және шағым қалдыруға арналған нысан секілді егжей-тегжейлі ақпаратқа қол жеткізуге болады.

Олжас Алтаев Қазақстанда енгізіліп жатқан бұл таңбалау және қадағалап отыру технологиясы АҚШ, Үндістан, Қытай, Бразилия, Түркия, Еуропалық одақ және басқа да көптеген елдерде түрлі тауар топтары бойынша сәтті қолданылып жүргенін атап өтті.

«Қазақстан тиімді әрі сыналған тәсілдерді қолдана отырып, халықаралық үздік тәжірибелерді бейімдейді. Мұндай технологиялар қазіргі таңда фармацевтикадан бастап темекі өнімдеріне дейінгі түрлі салаларда табысты қолданылып жүр», – деп түйіндеді ол.


Конгресс барысында зергерлік бұйымдарды таңбалау процесінің кезең-кезеңімен қалай жүзеге асырылатыны көрсетілді. Сонымен қатар таңбалау жүйесінде жұмыс істеудің қарапайымдылығы да таныстырылды. Бизнес өкілдеріне конвейерлік өндіріс қолданылатын, неғұрлым күрделі тауар топтарына арналған таңбалау жабдықтарының жұмысы салыстыру үшін көрсетілді.

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін