Кездесу барысында Tanba бірыңғай таңбалау операторы Wildberries халықаралық маркетплейсінің жетекші өкілдерімен келіссөздер өткізді. Іс-шара ашық диалог форматы бойынша өтті. Тараптар цифрлық таңбалау технологияларын енгізу саласындағы қалыптасқан ынтымақтастықтың стратегиялық мүмкіндіктері мен болашағын талқылады, бұл Қазақстан кәсіпкерлерінің онлайн платформа арқылы сатылым жасайтын тауарлардың ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
«Сандық таңбалау онлайн нарықтағы тауарлардың ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі құралы болып табылады, ал біздің стратегиялық серіктесіміз Wildberries осы пікірді қолдағанына қуаныштымын. Біздің ынтымақтастықтың әрі қарай дамуы біздің алдыңғы қатарлы технологияларымызды біріктіруге жаңа мүмкіндіктер ашады, осылайша тұтынушыларға өнімнің түпнұсқалығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп сенімдімін», — деп атап өтті Tanba бірыңғай таңбалау операторының бас директоры Бикеш Құрманғалиева.
Сонымен қатар, қатысушылар Қазақстаннан Ресейге жөнелтілетін өнімнің түпнұсқалығын бақылау процесстерін оңтайландыру мәселелерін талқылады.
«Компания Қазақстандық сатушылар үшін тауарларды сату процесін барынша қарапайым және тиімді етуді мақсат етеді, Ресей аумағында барлық қажетті таңбалау талаптарының сақталуын қамтамасыз ете отырып Tanba бірыңғай таңбалау операторымен серіктестік жергілікті өндіріс тауарларын жеткізу мүмкіндіктерін жақсартып, Қазақстан кәсіпкерлерінің экспорттық әлеуетін арттырады», — атап өтті Wildberries өкілдері.
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін
Последние материалы