Қазақстанның бірыңғай таңбалау операторы «UzCharmExpo» көрмесін ұйымдастырушылардан алғысқа ие болды

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
125
0 пікірлер

2023 жылдың 20 қазанында Ташкентте Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі Бірыңғай оператор қызметкерлері ұйымдастырушылардан XV Халықаралық былғары, аяқ киім, аң терісі, галантерея, жүн және жергілікті тауарлар «UzCharmExpo» көрмесінің табысты өтуіне баға жетпес үлес қосқаны үшін алғыс алды.

Көрменің 3 күнінде Орталық Азиядағы ең ірі былғары, үлбір және аяқ киім көрмелерінің біріне қатысушылар аяқ киімді таңбалауға үлкен қызығушылық танытып, қазақстандық импорттаушылармен ынтымақтастыққа дайын екендіктерін көрсетті. Көрмеге жалпы 600-ге жуық өзбек және 70 шетелдік компаниялар мен ұйымдар қатысты.

Еске салайық, осыған дейін осы көрме аясында Бірыңғай оператор қызметкерлері Өзбекстанның бірқатар аяқ киім шығаратын компанияларымен аяқ киім өнімдеріне таңбалау кодтарын тегін негізде қолдану бойынша қызмет көрсету туралы келісімге келген болатын. Қазір Өзбекстанның жеңіл өнеркәсіп өндірушілері Ресейге экспортталатын өнімдерді таңбалауда.

«Аяқ киім» өнім тобының жетекшісі Ерлан Қарабаев Өзбекстан Республикасы бірнеше жылдан бері бақылаушы ел мәртебесіне ие болған Еуразиялық экономикалық одаққа Қазақстанның қатысуы аясында тауарларды таңбалаудың құқықтық негіздері туралы айтты. Сондай-ақ, аяқ киім өнімдерін таңбалауға қатысты ұлттық заңнама талаптары, тек таңбаланған аяқ киім өнімдерін мемлекеттік шекарадан өткізу мүмкіндігі, өндірісте және жүк қалыптасатын орындарда таңбалау процестерін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы да айтылды. Көрмеге қатысушылар мен қонақтар спикердің сөзінің тақырыбына үлкен қызығушылық танытты, Бірыңғай оператор стендінде әртүрлі компаниялардың өкілдері жеке кеңестер алды.
 

Осылайша Қазақстандағы аяқ киім мен басқа да тауарларды таңбалау ерекшеліктері Өзбекстан нарығында арнайы техниканың ірі дистрибьюторы болып табылатын «Barkod.Uz» компаниясының өкілін қызықтырды. Компания жапсырма принтерлерінің, 2D сканерлерінің, деректерді жинау терминалдарының және тауарларды таңбалау және қадағалау процестерінде қолданылатын басқа да жабдықтардың барлық түрлерін жеткізеді. Компания өкілі Бірыңғай оператормен ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.

Қытайдан келген құрамдас өндірушілермен жүргізілген келіссөздер де нәтижелі болды. Айта кетерлік жайт, әңгіме барысында аяқ киімнің құрамдас бөліктеріне (табан, үстіңгі материал және т.б.) және оны өндіруге арналған шикізатқа бұл талаптардың кеңейтілмеуі туралы түсініктемелер берілді.

Жалпы, тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі Бірыңғай оператор қызметкерлері өзбекстандық аяқ киім өнеркәсібінің өкілдерімен бірқатар нәтижелі кездесулер өткізіп, аяқ киім өндірушілердің сұрақтарына жауап берді және болашақ жемісті ынтымақтастық үшін перспективалы серіктестермен байланыстар нөмірлеріне ие болды.
 

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін