Бірыңғай таңбалау және бақылау операторы Беларусь Республикасының салық және төлемдер министрлігінің делегациясымен кездесу өткізді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
122
0 пікірлер

Бірыңғай оператор кеңсесіне Беларусь Республикасы Салық және төлемдер министрінің орынбасары Владимир Муквич бастаған делегация келді. Кездесу Беларусь делегациясының Қазақстан Республикасына сапары аясында трансшекаралық саудада электрондық жөнелтпе құжаттармен алмасу бойынша пилоттық жобаны іске асыру бойынша екіжақты консультациялар өткізу мақсатында ұйымдастырылды. Қазақстан тарапынан кездесуге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысты.

Отырыста Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың жағдайы таныстырылып, әртүрлі өнім топтарын таңбалау бойынша өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Сөз сөйлеу барысында Беларусь делегациясы тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалаудың ағымдағы жағдайы туралы ақпаратпен бөлісіп, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының таңбалау операторлары арасында аяқ киім өнімдері тобына арналған таңбалау кодтарын өзара тану туралы келісім жасалды, сонымен қатар «Издательство Белбланкавыд» РУК-мен бірлесіп жүйеаралық интеграция жүргізілуде. Бұл интеграция қазақстандық аяқ киім өндірушілерге Қазақстан Республикасында алынған таңбалау кодтарын пайдалана отырып, Беларусь Республикасының аумағына өз тауарларын экспорттауға мүмкіндік береді.

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін