Таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторы сыра қайнату өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жобаны іске қосты

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
112
0 пікірлер

Пилоттық жоба аясында Қазақстан Республикасындағы сыра қайнату саласына талдау жасау, атап айтқанда, импорт пен экспорт көлемін, отандық өндіріс пен тұтыну үлесін, контрафактілік тауарлардың үлесін анықтау маңызды міндет болып табылады. Сыра өнімдерінің пилоттық жобасы 2024 жылдың 15 ақпанынан 2025 жылдың 31 наурызына дейін жүзеге асады және барлық қатысушылар үшін оған қатысу ерікті болып табылады.

Пилоттық жобаға дайындық барысында Бірыңғай оператор Рудный және Алматы қалаларындағы ірі отандық сыра өндірушілердің өндіріс орындарын аралады. Сапар аясында пилоттық жобаға қатысушылардың логистика және сауда процестерін, пайдаланатын ақпараттық жүйелерді зерделеніп, сондай-ақ, ақпараттық жүйеге нақты функционалдық талаптарды әзірлеу бойынша іс-шаралар жүргізілді. Барлық қатысушылар қабылданған шаралардың тиімділігін тексеру мақсатында пилоттық жобаға қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

 

Бірыңғай оператор барлық мүдделі отандық сыра қайнату өнімдерін өндірушілерді пилоттық жобаға қатысуға шақырады. Өндірушілер үшін пилоттық жобаға қатысу сыра қайнату өнімдерін міндетті түрде таңбалауды алдағы енгізуге дайындалуға және барлық техникалық талаптардан хабардар болуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жобаға қатысушылар барлық сұрақтарына жауаптарды тікелей жоба жетекшіден ала алады. Пилоттық жобаға қатысу үшін info@digitaleconomy.kz электрондық поштасына тіркелу туралы өтініш жіберу қажет.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда темекі бұйымдары мен аяқ киім өнімдеріне міндетті таңбалау енгізілген. Ал 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда дәрі-дәрмектің 100 пайызына міндетті таңбалау енгізіледі.



Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін