Чат-боттың арқасында Бірыңғай операторға түсетін сұраныстардың 30 пайызы автоматтандырылды

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
12
0 пікірлер

Жасанды интеллект «Tanba» Бірыңғай операторының тауар айналымына қатысушыларымен өзара әрекеттесу процестерін жеңілдетті. Сол арқылы бизнес өкілдеріне Call-орталығына қоңырау шалмай, сайтта жауаптарды іздемей, ақпаратты бірден алуға мүмкіндік берді. Осылайша, интеллектуалды көмекшіні енгізгеннен бері қоңыраулар саны 30 пайызға азайды.

Бұл кері байланыс түрінің артықшылығы – 24/7 қолжетімділік. Енді тауар айналымына қатысушылары жұмыс уақытын күтпей-ақ қызықтыратын сұрақтарға жауаптарды ала алады. Чат-боттың арқасында Call-орталыққа түсетін жүктеме азайды – операторлар тек ерекше сұрақтар туындаған кезде қосылады.

«Чат-бот іске қосылғаннан бастап 2 мыңнан астам сұраныс өңделді. Пайдаланушылар көбінесе қандай тауарлар міндетті түрде таңбаланады, таңбалаудың құны, таңбалау туралы толық ақпаратты қайдан алуға болады және таңбалаудың енгізілуі нәтижесінде тауарлардың бағасы қаншалықты өсетіні туралы сұрақтарды қояды», - деп бөлісті чат-боттың әзірлеушісі Алишер Ахметтаев.

Онлайн-көмекшінің білім жүйесі ең жиі қойылған сұрақтар негізінде тұрақты түрде жаңартылады. Тауар айналымына қатысушыларының чат-ботты қолдануы Бірыңғай операторға ақпаратты толықтыруға көмектеседі.

Айта кетейік, чат-бот тек міндетті түрде цифрлық таңбалауына жататын тауар топтары туралы ақпаратпен бөлісе алады.
 

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін