ЕАЭО елдері акцизделетін өнімдерді цифрлық таңбалау саласын дербес реттей алады

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
255
0 пікірлер

    Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі ЕАЭО-да тауарларды таңбалау жүйесінің базалық моделін бекіткен құжат негізінде одаққа қатысушы елдерге акцизделетін тауарларды – темекі және алкоголь өнімдерін цифрлық таңбалау саласын дербес реттеуді ұсыну туралы шешім қабылдады.

    Бұл әр елде жеке нормативтік-құқықтық актілер мен тауарларды таңбалау жүйелерінің болуына байланысты қабылданған шешім. Сондықтан өндіріс пен айналымның ерекшеліктеріне байланысты акцизделетін тауарлар ұлттық заңнама бойынша таңбалануы мүмкін.

    Сонымен, бұл шешім темекі өнімдерінің темекі, сигары және «сұйық» никотин сияқты түрлеріне, ал «алкоголь» тізімінде — шарап, коньяк, бренди, виски, ром, джин, арақ және басқа да спирттерге қатысты.

    Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2020 жылдың 1 қазанынан бастап темекі өнімдерін міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. Сондай-ақ, бүгінде елімізде алкоголь өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін