Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесі «Электрондық шот-фактуралар» жүйесімен біріктірілді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
151
0 пікірлер

2022 жылдың 21 қыркүйегінен бастап «Электрондық шот-фактуралар» жүйесінде сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын тауарларға ТІЖ (тауарларға ілеспе жүкқұжаттар) беру функционалы қолжетімді болды. Жүйелерді біріктіру «электрондық үкімет» арқылы жүзеге асырылады, ал таңбаланған тауарларға ТІЖ ерікті түрді беріледі.

ЕАЭО елдерінен таңбаланған тауарлардың импорты туралы хабарламалар мен оларды қабылдау-тапсыру актілерін сіз «Электрондық шот-фактуралар» жүйесінің «ТТҚ құжаттары» («Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар») бөлімінде таба аласыз. Бұл құжаттар ЭШФ жүйесіне Тауарларды таңбалау және қадағалаудың ақпараттық жүйесінен (ТТҚ АЖ) келіп түседі.

Қазақстан аумағында тауарды сату мақсатында ТІЖ алу үшін жеткізушіге ТТҚ АЖ-де тіркелген таңбаланған тауарды қабылдау-тапсыру актісін таңдау мүмкіндігі беріледі.

Тауарды импорттау мақсатында ТІЖ алу үшін тауар алушыға ТТҚ АЖ-де тіркелген таңбаланған тауарларға ЕАЭО елдерінен әкелу туралы хабарламаны таңдау мүмкіндігі беріледі.

ТІЖ толтыру кезінде «Сәйкестендіру әдісімен таңбалануға жататын тауарлар туралы деректер» бөліміндегі жолдар қабылдау-тапсыру актісінен/ЕАЭО импорты туралы хабарламадан алынған деректермен автоматты түрде толтырылатынын хабарлаймыз және ол ақпаратты өз қолымен өңдеу мүмкін емес.

Таңбаланған тауарларға ТІЖ растау/қабылдамау кезінде, келесі деректер тексеріледі: жеткізуші, алушы туралы мәліметтер, тұтыну пакетінің өнім коды (GTIN), тұтыну пакеттерінің нөмірі, құжаттың тіркеу нөмірі мен күні, құжат мәртебесінің өзгеруі.

ТІЖ-бен жұмыс істеу туралы толық ақпаратты ҚР ҚМ МКК сайтындағы ЭШФ АЖ пайдаланушы нұсқаулығынан таба аласыз  https://kgd.gov.kz/ru/content/okumenty-po-esf-1 .

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін