Енді бейрезиденттерге таңбалау қызметі үшін төлем шоттары Ismet.kz сайтында қолжетімдіI

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
187
0 пікірлер

Бизнеске арналған ismet.kz ашық цифрлық платформасында Қазақстан бейрезиденттері таңбалау қызметтері үшін төлем шотын ала алады. Бұл қызметті таңбалаудың барлық қатысушылары, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттері де пайдалана алады. Осы ретте Қазақстан Республикасының резиденттеріне бұл қызмет ismet.kz сайтында да, сондай-ақ, тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде де қолжетімді.

Төлем шотын алу үшін ismet.kz платформасында тіркелу қажет, компанияның деректерін енгізіп, сайтта «Қазақтелеком – Құжаттар – Таңбалау - Төлем шоты» бағыты бойынша өту керек. 

Бейрезиденттердің төлем шотын теңгемен, доллармен, еуромен және рубльмен алу мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, осы бөлімде пайдаланушыларға орындалған жұмыс актілері, салыстырып тексеру актілері және таңбалау қызметтері бойынша электрондық шот-фактуралар қолжетімді. 

Толық ақпарат алу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына 8 800 080 65 65 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін