Міндетті цифрлық таңбалауды енгізген кезде мемлекеттік қолдау шаралары бизнеске түсетін салмақты жеңілдетеді

ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
410
0 пікірлер

2025 жылға таман Қазақстанда тауарлардың 10-нан астам тобына міндетті цифрлық таңбалауды енгізу жоспарлануда. Бизнеске түсетін салмақты барынша төмендету үшін қазіргі уақытта қосымша жабдық сатып алатын өндірушілер, импорттаушылар, дистрибьютерлер, сондай-ақ  бөлшек сауда дүкендері үшін мемлекеттік қолдау шаралары мәселесі пысықталуда.  

 

Цифрлық таңбалау тауарлардың қадағалануын қамтамасыз етуге және көлеңкелі айналымының проценті жоғары нарықты «ақтауға» арналған. Қазірдің өзінде міндетті таңбалау бірқатар темекі бұйымдары үшін енгізілген. Пилоттық режимде тағы да бес тауар тобы бойынша енгізілуде: алкоголь, фармацевтикалық препараттар, сүт өнімдері, жеңіл өнеркәсіп тауарлары және аяқ киім.  

 «Мемлекеттік қолдау шараларын мемлекеттік органдармен белсенді талқылау үстіндеміз. Бизнестің таңбалау үшін қажет жабдықты сатып алуына несиелерді арзандатуды ұсынып отырмыз. Сонымен қатар алкоголь өнімдерін таңбалау бойынша жабдық лизингісіне «Қазақстан даму банкі» АҚ беретін несиелер бойынша проценттік мөлшерлемелерді субсидиялау бойынша шектеулерді алып тастау туралы мәселені көтерудеміз», - деп атап өтті Бикеш Құрманғалиева, Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры.  

Өндіруші сатып алатын таңбалау үшін қажет жабдықтың кешеніне сериялауға арналған бағдарламалық-аппараттық кешен (тікелей салу, заттаңба жапсыру, стикер жапсыру), агрегаттауға арналған бағдарламалық-аппараттық кешен (автоматтандырылған, жартылай автоматтандырылған, механикалық), қоймалық есепке алуға арналған деректер жинау терминалы, сәйкестендіру құралдарының (таңбалау кодтарының) сканері, заттаңбаларды басып шығару принтері кіреді.  

Нарықта бағасы, өнімділігі және сапасы әртүрлі болып келетін түрлі өндірушілердің жабдығы ұсынылған. Жабдықтың құны тауар топтарына қарай өзгеруі мүмкін. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп тауарлары мен аяқ киім өндірушісі үшін таңбалауға арналған жабдыққа шығатын шығын шағын кәсіпорындар үшін 118 мың теңгеден бастап ірі фабрикалар үшін 2,4 млн. теңгеге дейін құрайды. Фармацевтикалық препараттарды таңбалауда өндірушінің шығындары 11 млн теңгеден басталады немесе 5 жылдағы кіріс сомасының 1,3%-ін құрайтын болады. Бөлшек сауда дүкені үшін шығындар 25 мың теңгеден бастап құрайды.  

Мемлекеттік қолдаудың қаржылық шаралары жабдықты сатып алуға шыққан шығынды өтеуді, жеңілдікпен несие беруді, лизингілік қаржыландыруды, несиелер мен қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды қамтуы мүмкін.  

 

 

Баспасөз қызметі 

Цифрлық экономиканы дамыту орталығы  

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін