Қазақстандық таңбалау операторы Беларусьтің зергерлік бұйымдарға Data Matrix кодын қою бойынша тәжірибесін зерделеуде
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
230
0 пікірлер

Беларусь Республикасында 2019 жылдан бастап зергерлік бұйымдарды цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Бұл елдің тәжірибесін Цифрлық экономиканы дамыту орталығы – Қазақстандағы тауарларды цифрлық таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы зерделеуде.

Беларуссиядағы пилоттық жоба 2022 жылдың тамызына дейін созылады. Қазірдің өзінде елде уәкілетті мемлекеттік органдар мен «Электронный знак» ААЖ операторы «Белбланкавыд» баспасы анықталды. Бүгінгі таңда асыл тастар мен металдардан жасалған зергерлік бұйымдарға сәйкестендіру кодтарын қолдану механизмдері белсенді түрде тексерілуде. Жобаға зергерлік бұйымдардың ірі өндірушілері, сондай-ақ зергерлік шеберханалар, басқа мемлекеттерде бизнес жүргізуге қызығушылық танытқандар қатысады.

Қазақстандық таңбалау операторы беларусьтік әріптестерімен онлайн-кездесулер өткізуде, олардың өнімдерді қадағалау механизмдері және зергерлік өнімдерге Data Matrix кодын енгізу процесінің ерекшеліктері зерттеп жатыр.

Қазақстанда зергерлік бұйымдарды цифрлық таңбалауды енгізу талқылануда. Алайда, сарапшылардың пікірінше, нарықтағы көлеңкелі айналымның жоғары деңгейіне байланысты, ал ол 90% - ға жетеді, қадағалануын қамтамасыз ету тұтынушыларды қолдан жасалған өнімдерден қорғаудың маңызды факторы болып табылады.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін