Бірыңғай оператор Мемлекеттік Кірістер департаменті қызметкерлерін тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге үйретті

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
188
0 пікірлер

19-20 желтоқсанда Астанада ҚР КМ МКК МКД қызметкерлеріне арналған тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде және мемлекеттік органның автоматтандырылған жұмыс орнында жұмыс істеу бойынша оқыту семинары өтті.

Аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің қызметкерлеріне тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде (ТТҚ АЖ), сондай-ақ, тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор әзірлеген мемлекеттік органның автоматтандырылған жұмыс орнының функционалдығы (МО АЖО) ұсынылды.

Семинарға Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының, Жетісу, Абай, Ұлытау облыстарының, . Астана, Алматы және Шымкент қалаларының өкілдері қатысты.

Семинар қорытындысы бойынша Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператордың жобалық кеңсесінің қызметкерлері Мемлекеттік кірістер комитеті мен департаменттер қызметкерлерінің аталмыш жүйелердің жұмысы бойынша ұсыныстарын қабылдады.

Еске салайық, Бірыңғай оператор Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп Қазақстанның 18 қаласында темекі бұйымдарын көтерме және бөлшек сауда өкілдеріне цифрлық таңбалау жүйесінде жұмыс істеу бойынша оқыту семинарларын өткізді. Екі айдың ішінде семинарға 800-ден астам кәсіпкерлер, есепшілер және еншілес топтардың өкілдері қатысты. Әр қалада іс-шаралардың қалай өткенін Instagram желісіндегі @markirovkakz парақшасынан біле аласыздар.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін