Талқылау назарында - сүт өнімдерін цифрлық таңбалау

ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
474
0 пікірлер

«Атамекен» ҰКП бастамасымен цифрлық экономиканы дамыту орталығының, ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, сауда және интеграция, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері және бизнес өкілдерінің қатысуымен сүт өнімдерін цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба талқыланды.

Сарапшылар жобаны жүзеге асыру барысында сапа мен тиімділікке ерекше назар аудару маңызды деген пікірге келді.

Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры Бикеш Құрманғалиеваның айтуынша, қазіргі уақытта таңбалау мәселелеріне қатысты бизнес белсенділігінің артқаны байқалады.

«Елімізде 178-ге жуық сүт өнімдерін өндіруші жұмыс істейді. Алға қойған басты мәндеттердің бірі - олардың өнімдерін бәсекеге қабілетті ету, сондай-ақ бизнестің өнімнің қозғалысы туралы деректерге қол жеткізуін қамтамасыз ету. Оларға жаңа ережелерге бейімделуге көмектесу өте маңызды. Бүгінде біз пилоттық жобаға қатысушылармен белсенді өзара іс-қимыл жасап жатырмыз. Қазір біз үшін басты басымдық - кәсіпкерлерді таңбалау процесіне техникалық тұрғыдан дайындау», - деп атап өтті Бикеш Құрманғалиева.

Осыған қоса, онлайн-кеңес барысында міндетті цифрлық таңбалауды енгізу жағдайында кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, қазір Қазақстанда сүт өнімдерін цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба іске асырылуда, жобаға 7 қазақстандық өндіруші қатысуда, олардың кәсіпорындарында өнімді таңбалау процесі апробациялануда. 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін