Қазақстандық сүт өнімдерін ірі өндірушілерінің бірі цифрлық таңбалау процесін тексеріп көрді

Обозреватель в ismet
Новость
0 комментариев
561
0 комментариев

Цифрлық таңбалау бойынша жабдықты тестілеу Солтүстік Қазақстан облысында «Молпродукт» кәсіпорнында өтті.

Цифрлық таңбалау және тауарларды қадағалау сапасыз өнімдермен күресудің негізгі құралы болып табылады.

«Біріншіден, Data Matrix коды мерзімі өткен тауарлардың кассалық шығарылымын блоктайды, дүкендер мен дистрибьюторлар цифрлық кодтағы жарамдылық мерзімі туралы ақпаратты өзгерте алмайды. Екіншіден, таңбаланған өнімді сатып алушы Naqty Onim мобильді қосымшасының көмегімен өндірушіге және мемлекеттік органдарға бұзушылықтар туралы ақпарат бере алады. Үшіншіден, крипто-қорғаныс және цифрлық кодты  жалған жасай алмау өнімнің өзін де жалған жасауға мүмкіндік бермейді» - деп түсіндірді Олжас Бектұров, Цифрлық экономиканы дамыту орталығының басқарушы директоры.

«Молпродукт» кәсіпорны бірнеше маркалы сүт өнімдерін өндіріп, оны Қазақстан мен Ресейде сатады. Ірі өндіруші және экспорттаушы ретінде кәсіпорын цифрлық таңбалау процесіне тез қосылуды көздеп отыр, себебі Ресей Федерациясында ірімшіктер мен балмұздақтарға, оның ішінде олардың еліне әкелінгендеріне міндетті цифрлық таңбалау енгізілген.

          «Бүгін біз өз өндірісімізде цифрлық таңбалауды тестілеудің аралық қорытындыларын шығардық. Нақты уақыт режимінде біз мұның бәрі қалай жұмыс істейтінін және біздің өндіріс үшін қандай шешімдер бар екенін көрдік. Болашақта біз басқа жолдарды да талқылаймыз. Бізге бағдарламалық жасақтаманы орнату, таңбалау кодтарына тапсырыс беру процесі көрсетілді, біз үшін оңтайлы басып шығару жылдамдығы анықталды. Өндірістегі пилоттық жоба сәтті өтіп жатыр деуге әбден болады», - дейді компания өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда сүт өнімдерін цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Оған 7 қазақстандық өндіруші қатысып жатыр. Цифрлық таңбалау бизнеске өнімділікті арттыруға, логистикалық схемаларды жетілдіруге, нарық үлесін арттыруға және кірісті арттыруға мүмкіндік береді. 

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін