ҚР-да тері бұйымдарын таңбалау ережелері әзірленді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
202
0 пікірлер

ҚР ИИДМ "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидаларын әзірледі

Мәселен, тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінде (МТ АЖ) қызметті жүзеге асыру үшін өндірушілер, импорттаушылар, комиссиялық сауданы жүзеге асыратын тұлғалар, кепілдік тауарларды өткізетін ломбардтар мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

* ЭЦҚ болуы;

* ЭЦҚ арқылы МТ АЖ - да тіркелу және жеке кабинетке қол жеткізу (оператор жеке кабинетке қол жеткізуді қатысушыдан жеке кабинетке қол жеткізуге электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап 2 күнтізбелік күн ішінде қатысушыны МТ АЖ-да тіркеу нәтижелері бойынша ұсынады);

* МТ АЖ-да оператормен электрондық құжат нысанында қызметтер көрсетуге шарт жасасу;

* сервис-провайдермен қызметтер шартын жасау.

Көтерме және бөлшек сауданы жүзеге асыратындар мыналарды қамтамасыз етеді:

 * ЭЦҚ-ның болуы;

МТ АЖ-да тіркеуді және жеке кабинетке қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Тауар айналымына қатысушыларды МТ АЖ-да тіркеуді және оларға жеке кабинетке рұқсат беруді оператор бірінші басшының немесе ЖК ЭЦҚ-мен қол қойылған келесі мәліметтерді ұсыну негізінде жүзеге асырады:

1. тауар айналымына қатысушының түрі (өндіруші, импорттаушы, сатушы);

2. тауар айналымына қатысушының атауы;

3. ЖСН / БСН;

4. заңды мекен-жайы;

5. бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты;

6. байланыс телефон нөмірі;

7. тауар айналымына қатысушының электрондық поштасының мекенжайы;

8. тауар айналымына қатысушыға қызмет көрсететін банктің атауы;

9. банктегі шоттың нөмірі;

10. жеке куәлік нөмірі (ЖК үшін);

11. жеке куәлікті кім берді (ЖК үшін);

12. жеке куәліктің берілген күні (ЖК үшін);

13. жеке куәліктің жарамдылық мерзімі (ЖК үшін).

Тауар айналымына қатысушы жеке кабинетте ЭЦҚ арқылы авторизацияланады және қажет болған жағдайда тауар айналымына қатысушының атынан МТ АЖ мәліметтерді ұсынуға және сұратуға құқығы бар уәкілетті тұлғалар туралы ақпаратты қосады.

Осындай құқық берілген уәкілетті тұлғалар ЭЦҚ арқылы жеке кабинетте авторизацияланады.

Тауар айналымына қатысушылар қажет болған жағдайда ақпарат өзгерген кезде Профильді редакциялауға құқылы. Тауар айналымына қатысушының бейінін редакциялауға ЭЦҚ қол қойылуы тиіс. Тауар айналымына қатысушының бейінін редакциялағаннан кейін оператормен жасалған шартқа тиісті өзгерістер енгізіледі.

Таңбалау кодтарын, сәйкестендіру құралдарын алу үшін тауар айналымына қатысушылар МТ АЖ-да электрондық нысанда сәйкестендіру құралының эмиссиясына өтінімді, бекітілген нысан бойынша таңбалау кодын орналастырады.

Таңбалау кодын, сәйкестендіру құралын ұсыну бойынша қызметті тауар айналымына қатысушы оператормен жасалған шарт негізінде эмиссияға өтінім жібергенге дейін төлейді.

Тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды Қазақстанға әкелу кезінде тауар айналымына қатысушылар кедендік рәсіммен орналастырылған және кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жасаған сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей МТ АЖ эмиссияға өтінімді ресімдейді.

Тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды өндіру кезінде тауар айналымына қатысушылар тауарлар бухгалтерлік есепте дайын өнім ретінде танылған (көрсетілген) күннен бастап келесі жұмыс күні ішінде МТ АЖ-да эмиссияға өтінім ресімдейді.

Комиссиялық сауда және комиссия шарттары бойынша тауарларды өткізу кезінде, сондай-ақ ломбардтар тауарлар тізбесіне енгізілген кепілге салынған және сақталған (уақытында алынбаған) тауарларды өткізу кезінде тауар айналымына қатысушылар жеке тұлғалармен шарттар жасасқаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, сондай-ақ МТ АЖ-да эмиссияға өтінім ресімдейді.

Оператор екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде таңбалау кодтарының эмиссиясын және сәйкестендіру құралдарына қайта құруды жүргізеді және тауарлар айналымына қатысушыға МТ АЖ жеке кабинетіне береді.

МТ АЖ-да таңбалау кодтарын, сәйкестендіру құралдарын ұсыну қызметін айналымға қатысушы эмиссияға өтінім бергенге дейін төлейді.

Толық ережелерді мына сілтеме бойынша көруге болады - https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11651522, онда құжат 7 қазанға дейін көпшілік талқылауына орналастырылған.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін