Қазақстандық сыра зауыты экспорттық өнімдерін таңбалай бастады

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
76
0 пікірлер
«Фирма Арасан» ЖШС Рудный филиалының филиалы экспорттық өнімдерін таңбалай бастады. Кәсіпорын таңбалауға арналған жабдықты орнатып, өз өнімдерін Ресейге экспорттау мүмкіндігіне ие болды.

Сыраны таңбалау процесі келесідей: кәсіпорын серіктесінен бірегей Data Matrix сандық кодтарын алып, өндіріс кезінде оны таңбалапе басып шығарады. Кодтарды оқу, ақпаратты серверге жіберу және біріктіру кодтарының стикерлерін басып шығару да зауытта іске асырылады.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Ресейлік серіктестермен барлық өзара іс-қимыл «Честный знак» жүйесі арқылы жүреді — бұл Ресейдің тауарларды цифрық таңбалау мен қадағалаудың ұлттық жүйесі. Ол контрафактілік өнімдермен күресуге көмектеседі және тауар айналымын бақылауды жақсартады. Сондай-ақ, Қазақстандағыдай, елдегі әрбір тауар өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі жолын бақылауға мүмкіндік беретін бірегей код алады. 

Сыраны таңбалау процесі - бұл барлық кезеңдердегі мәліметтердің толық көлемін қамтитын тауардың цифрлы жолы. Біріншіден, бірегей цифрық кодтар серверде жиналып, кодты пайдалану туралы есепке қосылады. Өнімді жібермес бұрын тексеру үшін кодтар сканерленеді. Әрі қарай, есеп ресейлік серіктеске жіберіледі, ол ақпаратты «Честный знак» жүйесіне енгізеді. Содан кейін өнімге таңбаланған кодтары бар файл жасалады және өтінім жабылады. Ресейлік серіктес бұл кодтарды айналымға енгізеді және тауар сатылған кезде кодтар 2D сканерімен сканерленіп, жүйеде сату туралы ақпарат жаңартылады. Мұның бәрі өнімді дайындау және сату процесін ашық және сенімді етеді. Сондықтан да елімізде сатып алушылар мен бизнеске ашық және түсінікті жүйеде жұмыс істеуге мүмкіндік беру үшін таңбалау және қадағалау жүйесі белсенді енгізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда Қазақстанда сыраны таңбалау бойынша пилоттық жобаға «Carlsberg Kazakhstan» ЖШС, «Фирма Арасан» ЖШС, «Нұржанар» ЖШС, «Fessla Brewery» ЖШС, «Жаңа Роса» ЖШС және Карлов ЖК секілді бірнеше кәсіпорын қатысуда. Осы және басқа да мысалдар Қазақстанда да сыраны таңбалауға болатынын және ішкі және оның сыртқы нарықта тәртіп пен ашықтықты қамтамасыз етуге көмектесетінін көрсетеді.

Тұтынушылар мен өндірушілерге одан пайдасы қандай?

Таңбалау процесі қазақстандық кәсіпорында қалай енгізілгені, сондай-ақ өзара іс-қимылдың жаңа форматының келешегі туралы «Фирма Арасан» ЖШС РФ-ға өнім экспорты мәселелері бойынша маманы Евгений Глазков айтып берді.

«Таңбалау өнімнің көшірмесін жасау процесін қиындатады. Тұтынушылар үшін пайдасы - контрафакт өнімдерден сақтануға және түпнұсқа тауарды анықтауға көмектесуі тиіс. Өндірушілер үшін пайдасы - таңбалауды енгізу арқылы қолданыстағы заңнаманың барлық талаптарын сақтамайтын өндірушілер мен жеткізушілердің қызметі тоқтайды. Яғни, барлық өндірушілер үшін тең жағдай жасалады», - деді Евгений Глазков.

Өндірушілердің өздері таңбалауды енгізу алғашқы кезеңдерінде ғана күрделі екенін айтады. Ал өндірістік желі орнатылғаннан кейін барлық кезең әдеттегі жұмыс процесіне айналады.

««Честный знак» талаптары мен жұмыс механикасын процеске қатысатын Ресей Федерациясындағы серіктестерімізбен бірге қарастырдық. Өндіріс тұрғысынан алсақ, ең алғаш бүкіл процедура құрылған кезде қиын болды, алайда, бәрі пысықталғаннан кейін бұл жұмыстың қалыпты элементіне айналды. Әрине, бұл біраз уақыт алды», - дейді спикер.

Тауарларды таңбалау мүмкіндіктері мен болашағы

Таңбалаудың мақсаты - нарықтағы тәртіпті арттыру. Барлық қатысушылар ашық жағдайда жұмыс істеуі керек.

«Ресей мен Беларусь тәжірибесінен кейін Қазақстанда да таңбалау жүйесі енгізілгені – біз күткен шешім. Ең бастысы, негізгі мақсат - нарықтың ашықтығы қамтамасыз етіліп, бақылаушы органдар нарықтың барлық қатысушыларымен дұрыс жұмыс істегені маңызды», - деп түйіндеді ол.


Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін