Темекіні цифрлық таңбалау: тиімді кері байланыс

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
183
0 пікірлер

Темекі өнімдерін таңбалаудың ағымдағы мәселелерін талқылауға «Атамекен» ҰКП, Цифрлық экономиканы дамыту орталығы, салалық қауымдастықтар, кәсіпкерлердің қатысуымен кеңес өткізілді.

Диалог алаңы сала қатысушылары туындаған барлық сұрақтарға жедел жауап алуы үшін құрылған.

«Біз Қазақстанда тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы ретінде таңбалау кодтарының генерациясын, эмиссиясын және қадағалануын қамтамасыз етеміз. Бүгінгі таңда 1,1 млрд-тан астам қорапта темекінің Data Matrix цифрлық коды бар. Қазір біз бизнеспен байланысуға арналған арналар санын ұлғайттық, тәулік бойы жұмыс істейтін 8 800 080 65 65 «жедел желі» бар, вебинарлар, кездесулер және т.б. өткізілуде. Біртіндеп біз нарық қатысушыларымен бірлесіп, әрбір мәселені пысықтап жатырмыз», - деп атап өтті кездесу барысында Цифрлық экономиканы дамыту орталығының басқарушы директоры Нұржан Баекеев.

Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын елімізде сүзгісі бар сигареттерді міндетті цифрлық таңбалау басталды, 2021 жылғы 1 сәуірден бастап Data Matrix кодымен таңбалау темекі өнімдері мен темекі алмастырғыштардың барлық түрлері үшін міндетті болды. 2021 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанда таңбаланбаған сигареттерді сатуға тыйым салынған.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін