Цифрлық таңбалау қағаз акциздік маркаларды жоюға мүмкіндік береді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
246
0 пікірлер

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, Қазақстанда темекі өнімдеріндегі қағаз акциздік маркалар 2022 жылдың қаңтарынан бастап жойылатын болады. Бұл цифрлық таңбалаудың арқасында мүмкін болады.

Бір қағаз акциздік марканың құны бүгінде 0,7 теңгені құрайды. Цифрландырудың арқасында сала маркаларды басып шығаруға жылына 840 млн теңге үнемдей алады.

«Қағаз акциздік маркаларды алып тастағаннан кейін сала темекі өнімдерінің заңдылығын растаудың цифрлық форматына толығымен көшеді. Бұл өндірушілердің шығындарын айтарлықтай үнемдеп, олар үшін процестерді жеңілдетеді», - деп атап өтті Цифрлық экономиканы дамыту орталығының басқарушы директоры Нұржан Баекеев.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанда темекі өнімдерін міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. Бүгінгі таңда 1 млрд астам қораптарға Data Matrix цифрлық кодтары орнатылды. 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін