2021 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанда таңбаланбаған сигареттерді сатуға тыйым салынған

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
234
0 пікірлер

2020 жылғы 1 қазанда Қазақстанда құрамында темекі бар сүзгісі бар сигареттерді міндетті цифрлық таңбалау енгізілгені белгілі. 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап Data Matrix кодымен таңбалау темекі өнімдері мен темекі алмастырғыштардың барлық түрлері үшін міндетті болды.

Темекі өнімдерін таңбалау және бақылау Ережелеріне сәйкес таңбаланбаған фильтрлі сигареттерді жыл бойы сатуға рұқсат болған, яғни 2021 жылдың 1 қазанынан бастап елімізде темекі өнімдерін цифрлық кодсыз сатуға тыйым салынады.

Стиктер, сигаралар, сигариллалар, қыздырылған темекі сияқты балама темекіге келетін болсақ, мұндай таңбаланбаған өнімді 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін сатуға рұқсат етіледі.

Бүгінгі таңда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті цифрлық экономиканы дамыту орталығымен бірлесіп таңбаланған тауарлармен жұмысты оңтайландыру және оңайлату бойынша жұмыс жүргізуде. Бұдан басқа, ӘҚБтК-ге темекі өнімдерін таңбалау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы нормалар енгізу бойынша шаралар қабылдануда.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін