Таңбаланған темекіні сату: бөлшек сауда не білу керек?

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
239
0 пікірлер

Цифрлық экономиканы дамыту орталығы Нұр-Сұлтан бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп темекі өнімдерін цифрлық таңбалау және тауарларды таңбалау мен қадағалау жүйесіндегі жұмыс бойынша бизнес сұрақтарына жауап берді. Онлайн-вебинарды «Атамекен» ҰКП Бухгалтерлер клубы Учет.kz порталы алаңында ұйымдастырды.

Осылайша, кәсіпкерлер кездесу барысында таңбаланған темекімен қалай жұмыс істеу керектігін, 2D-сканерлер мен БКМ қандай баламалары бар екенін, айналымнан Data Matrix коды бар тауарды шығару қағидалары туралы біле алды. Сонымен қатар, интернет-сатылымдар кезінде таңбаланған тауарларды айналымнан қалай шығару керектігі айтылды.

«Таңбалау жүйесінде таңбаланған тауарды интернет-дүкендер арқылы сату мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін айналымға қатысушы тауарды айналымнан шығару туралы хабарлама қалыптастырып, «интернет-сату» себебін көрсетуі қажет. Сондай – ақ, мысалы, егер ақаулы немесе бүлінген тауар болса, онда оны айналымнан былайша шығаруға болады: жүйеде хабарлама - құжат қалыптастырылады, содан кейін қандай да бір себеппен шығару қажет кодтарды көрсету қажет, мысалы, «брак», «бүліну», «жою», - деп атап өтті Цифрлық экономиканы дамыту орталығының акцизделетін өнімдерді таңбалау жөніндегі жобаның басшысы Нұрәлі Кенжебеков.

Сондай-ақ, Data Matrix коды бар сигареттерді сату кезінде Интернеттің жоқтығына байланысты ол интернет-байланыссыз БКМ автономды режимде 72 сағат жұмыс істей алатынын түсіндірді, одан кейін байланыс пайда болған кезде сатылған тауар туралы ақпарат фискалдық деректер операторына берілетін болады.

Кездесуге қатысушыларды таңбаланған темекі бұйымдарымен жұмысты бұзғаны үшін жауапкершілік мәселесі қызықтырды. Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Анар Кәрібаевтың айтуынша, қазіргі уақытта бұл үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылмаған.

«Бүгінгі таңда таңбалау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік жоқ, яғни ешқандай айыппұл жоқ. Қазір бизнес таңбаланбаған темекі өнімдерінің қалдықтарын сата алатын кезең жүріп жатыр», - деп түсіндірді сарапшы. 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін