9 қарашада Тауарларды цифрлық таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы мен Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бірлесіп, темекі өнімдерін көтерме-бөлшек сатуды жүзеге асыратын өңірдің салық төлеушілерінің қатысуымен цифрлық таңбалау жүйесінде оқыту семинарын өткізді.
Оқу семинарына 30-дан астам темекі өнімдерінің бөлшек сауда өкілдері қатысты. Семинар барысында қатысушыларға тауарды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі дегеніміз не, онымен қалай жұмыс істеу керек, жүйенің қандай артықшылықтары бар екені түсіндірілді. Бірыңғай оператор өкілдері цифрлық таңбалау жүйесінде жұмыс істеуді және бизнеске арналған «Naqty Sauda Akt» мобильді қосымшасын пайдалануды үйретті, оның көмегімен компьютерді пайдаланбай-ақ құжаттарды қабылдап, растауға болады.
Семинар барысында "Автоматты түрде жүйеден шығару" сервисі таныстырылды, оның көмегімен кәсіпкерлер "Темекі өнімдері" тауар тобында таңбалау кодтарының автоматты түрде шығарылуымен оңайлатылған функционал арқылы қабылдау–беру актілерін растайды.
ЕАЭО елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да цифрлық таңбалау DataMatrix екі өлшемді кодының көмегімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлер тауарға кодты қолданады, ал тұтынушылар оны Naqty Onim қосымшасының көмегімен сканерлей алады.
Барлығы цифрлық таңбалау экожүйесінде үш мобильді қосымша бар:
· Naqty Onim тұтынушыға таңбаланған өнім туралы барлық ақпаратты білуге мүмкіндік береді;
· Naqty Sauda Kassa 2D сканерін сатып алу мүмкіндігі жоқ бөлшек сауда үшін жасалған;
· Naqty Sauda Akt қабылдау-тапсыру актілерін растауға және қабылдамауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Бірыңғай оператор Қазақстанның IT-қауымдастығын бизнеске барынша ыңғайлы және бейімделу үдерісін жасау үшін цифрлық таңбалау экожүйесін бірлесіп дамытуға шақырды. Қазіргі уақытта IT компанияларымен кездесулер өткізіліп, жүйені біріктіру жоспарлары әзірленуде.
Бүгінгі күні Бірыңғай цифрлық таңбалау операторы Петропавл, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Талдықорған, Өскемен мен Семей қалаларында оқыту семинарларын өткізді.
Павлодарда өткен семинар - ақпараттық турды тамамдаған іс-шара. Instagram желісіндегі @markirovkakz парақшасында әр қалада өткізілген іс-шара туралы көбірек ақпарат алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 13 шілдесінде цифрлық таңбалау темекі өнімдерін сәйкестендіру үшін бұрын қолданылған акциздік марканың функциясын толығымен ауыстырды. Енді темекі өнімдерінің цифрлық таңбалау коды жоқ айналымы үшін жосықсыз кәсіпкерлерден тауар тәркіленіп, лицензиядан айырып, оларға айыппұл салынады.
Ағымдағы жылдың тамыз айында контрабандамен таңбаланбаған 4 млн-нан астам қорап темекі Қазақстанға әкелуге тырысты. Осы бұзушылықтар бойынша бюджетке төленуге жататын кедендік төлемдердің, салықтардың және акциздің алдын ала сомасы 1,2 млрд.теңгені құрады.