Темекі өнімдерін өткізу кезінде 2D сканерді қолданбауға болады

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
198
0 пікірлер

Темекі өнімдерін өткізу кезінде 2Д сканерді қолданбауға болады

Енді темекі өнімдерінің бөлшек саудасы кезінде сатушылар 2Д сканерді қолданбаса да болады. Бірақ бұл жағдайда сатушылар сатылған темекі өнімдері туралы ақпаратты электронды түрде жіберуі қажет, әйтпесе темекі өнімдерін автоматты түрде айналымнан шығарылады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

2022 жылдың 20 наурызынан бастап Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына енген өзгерістер күшіне енеді. Өзгерістер бағдарламалық-аппараттық кешендерді ерікті пайдалану түрінде бөлшек сауда сатушыларына қойылатын талаптарды оңайлату және темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарын сканерлеу және тану құралдарының (2Д сканер) болуын көздейді. Осыған дейін  қағидалар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығымен бекітілген болатын.

Сондай-ақ қабылдау/тапсыру актілерін растау мерзімі 1 күннен  күнтізбелік 5 күнге ұзартылды.

Сонымен қатар, бөлшек сауда сатушыларына оларды темекі өнімдерінің айналымынан шығару кезінде келесі тәсілдердің бірін таңдау ұсынылды:

- сәйкестендіру құралдарын техникалық құралдармен сканерлеу және тану;

- Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өткізу (сату) күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде темекі өнімдерін айналымнан шығару туралы ақпаратты «Тауарларды таңбалау және қадағалау» ақпараттық жүйесінде ұсыну.

Бөлшек сауда сатушылары келіскен және «Тауарларды таңбалау және қадағалау» ақпараттық жүйесінде тауарларды айналымнан шығару туралы ақпарат болмаған жағдайда, жүйеде автоматты түрде темекі өнімдері айналымнан шығарылады.

«Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына сәйкес 2020 жылғы 1 қазаннан бастап темекі өнімдерін, 2021 жылғы 1 сәуірден бастап стиктер, сигаралар, сигариллалар, кальян темекісі және т.б. темекі өнімдерінің өзге де түрлері таңбалануға жатады.

Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау өндірістен/импорт бастап түпкілікті тұтынушыларға өткізгенге дейін темекі өнімдерін қадағалауға мүмкіндік береді. Осындай таңбалаудың арқасында тұтынушылардың сатып алынатын тауарлар туралы толық ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Қағаз акциз маркаларының алынып тасталуына байланысты, 2022 жылы 1 қаңтардан бастап темекі өнімдері тек сәйкестендіру құрылғыларымен ғана таңбаланады.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін