Қазақстандық оператор Өзбекстанның тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы бойынша тәжірибесін зерттеді

ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
426
0 пікірлер

2021 жылғы 1 қаңтарда Өзбекстан темекі бұйымдары мен алкоголь өнімдері үшін міндетті цифрлық таңбалауды енгізді. Цифрлық экономиканы дамыту орталығының сарапшылары Өзбекстанға сапар шеңберінде осы елдің тәжірибесін зерттеді.

Қазіргі кезеңде Өзбекстанның «Asl Belgisi» таңбалау мен қадағалау жүйесінде 3700 компания тіркелген. Олардың барлығы темекі және алкоголь өнімдерін өндірушілер мен импорттаушылар. Биылғы жылы дәрілік заттарды, бөтелкедегі суды, тұрмыстық техниканы пилоттық таңбалауды іске қосуға дайындалуда.

 «Өзбекстан ЕАЭО-ға қатысушы-мемлекет болмаса да, өнімді цифрлық таңбалауды енгізуге бағыт алды. Бұл біз үшін Қазақстанда цифрлық таңбалауды кешеуілдетуге болмайтындығы туралы тағы бір белгі болып табылады. Өйткені бүкіл таңбаланбаған, яғни мемлекет қағидасы бойынша контрафактілік өзбекстандық алкоголь мен темекі біздің нарыққа белсенді түрде кіргізілу ықтималдығы бар», - деп атап өтті Бикеш Құрманғалиева, Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры. 

Бұдан басқа, Өзбекстан Data Matrix кодымен таңбалауды енгізумен алкогольдегі есеп-бақылау таңбасынан бас тарту туралы шешім қабылдады. Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін Заттаңбалау орталығы құрылды, ол шағын өндірушілерге таңбалауға арналған өз жабдығын сатып алмай, Data Matrix  кодтарын шығару қызметіне тапсырыс беру мүмкіндігін береді. Бұл өндірушілердің шығындарын едәуір төмендетті. Мұндай орталықты құру тәжірибесін Қазақстан да енгізуді жоспарлап отыр. Біздің елімізде осындай заттаңбалау орталығы биылғы жылдың соңында өз жұмысын бастауы мүмкін деп болжануда.     

Отандық оператор Өзбекстанда міндетті таңбалауды енгізу ерекшелігі тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы процестері бір жылда әр уақытқа бөлінгендігінде екенін байқады. Өзбекстан операторы бұл ерекшелікті бизнеске өз есептік жүйелерін баптау және таңбалау мен қадағалау жүйесімен интеграциялау үшін жеткілікті уақыт беру қажет деп түсіндірді. Цифрлық экономиканы дамыту орталығының сарапшылары өз кезегінде Қазақстанда темекі өнімдерін барлық кезеңде қадағалауды енгізу тәжірибесімен бөлісті. Таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде (ТТҚ АЖ) әрбір таңбаланған темекі қорабының өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі бүкіл жолын  қадағалауға болады. 

 «Біздің ел ЕАЭО мемлекеттері арасында Data matrix технологиясын қолданумен тауарларды қадағалауды енгізген алғашқылардың бірі болып табылады. Data Matrix кодының, егер біз оның көмегімен тауардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолын қадағаламайтын болсақ, ешбір мәні болмайды. Сондықтан біз цифрлық таңбалау мен қадағалауды бір уақытта енгізудеміз», - деп атап өтті Алмат Исмаилов, Цифрлық экономиканы дамыту орталығының акцизделетін өнімдерді таңбалау бойынша жобаның жетекшісі.

Екі елдің операторлары тәжірибелерімен тұрақты бөлісіп отыруға уағдаласты. Елдер арасындағы сауда айналымы жылдан жылға өсіп жатқандығын ескерсек, екі ел арасында кодтарды өзара тану қажеттілігі туындайтын уақытта алыс емес.  

 

Баспасөз қызметі

Цифрлық экономиканы дамыту орталығы

pr@digitaleconomy.kz

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін