Тері бұйымдарын таңбалау

Тері бұйымдарын таңбалауды енгізу кезеңдері

2015 жылғы 8 қыркүйек
Тері бұйымдарын таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 - 2016 жылдары іске асыру туралы келісім.
2016 жылғы 18 қазан
ЕЭК Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 22 өкімімен пилоттық жоба 2018 жылдың соңына дейін ұзартылды.
2017 жылғы 13 маусым
«Тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі ілкі жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң.
2019 жылғы 1 наурыз
Тері бұйымдарын міндетті таңбалау енгізілді
Тері бұйымдарын таңбалау
«Табиғи теріден жасалған киімдер, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша өнімді таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың 2015-2016 жылдарға арналған жоспар-кестесін бекіту және тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесін құруға арналған техникалық тапсырманы пайдалану туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №19 шешімі
«Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясының тауарларын таңбалау мақсатында жекелеген құжаттарды бекіту туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы №86 шешімі
Тері бұйымдарын таңбалау жөніндегі нұсқаулық
TrueAPI
GS1 Kazakhstan қауымдастығына мүшелік;
GS1 жүйесіне тауарларды қосу және GTIN нөмірін алу;
http://markirovka.gov.kz сайтында «Тауарларды таңбалау (тері бұйымдары)» АЖ-да тіркелу;
2-деңгейдегі Эмитентпен шартқа қол қою;
Таңбалау туралы АЖ-де бақылау белгісін дербестендіруге өтініш беру;
Дербестендірілген бақылау белгілерін алу;
Тері бұйымдарына бақылау белгілерін салу;
Таңбалауды СБӨ-де балансқа қабылдау.
Құттықтаймыз, сіз цифрлық таңбалауға қосылдыңыз!
Типтік шарттар

 

СҰРАҚ-ЖАУАП

1)  Тауарлардың (тері бұйымдарының) түпнұсқалығын тексеру үшін «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де тіркелмеген жеке тұлға;

2)  Тауарлар (тері бұйымдары) айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлер;

3)  2-деңгейдегі Эмитенттер - бақылау (сәйкестендіру) белгілерін дербестендіруді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер;

4)  1-деңгейдегі Эмитенттер - бақылау (сәйкестендіру) белгілерін дайындайтын заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер;

5)  Уәкілетті бақылаушы орган;

6)  «Тауарларды таңбалау» СБӨ әкімшісі.

Тауар (тері бұйымдары) айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлер  https://markirovka.gov.kz  сілтемесі бойынша өтіп, «Кіру» түймешігін басу арқылы «Тауарларды таңбалау» СБӨ-ге тіркеледі.

Пайдаланушы пайдаланушыларға арналған келісіммен танысады және міндетті жолдарды толтырады.

Жолдарды толтыру кезінде көрсетілген электрондық поштаға жіберілген сілтеме бойынша өтіп, өз тіркеуіне қол қояды және ЭЦҚ арқылы растайды.

Егер  күнтізбелік 60 күн ішінде пайдаланушы СБӨ-ге кірмесе, онда  жүйе бұл пайдаланушыны автоматты түрде бұғаттайды.

Тауардың түпнұсқалығын тіркеусіз тексеруге болады:

https://markirovka.gov.kz   сілтеме бойынша «Тауарларды (тері бұйымдары) таңбалау» СБӨ өтіп, «БсБ тексеру»  түймешігін басу арқылы.

 

2-деңгейдегі Эмитенттен БСБ-ні дербестендіруге өтінім беру үшін ЗТ/ЖК:

1) ЭЦҚ көмегімен «Тауарларды (тері бұйымдары) таңбалау» СБӨ-де авторизациядан өтуі;

2) «Тапсырыстар» бөліміне өтуі;

3) «Жаңа тапсырыс»  түймешігін басуы;

4) Айналымға енгізу тәсілін таңдауы

5) Міндетті жолдарды толтыруы;

6) Тауар бойынша мәліметтерді қосуы;

7) ЭЦҚ-мен өтінімді қосуға қол қоюы қажет;

 

Тапсырысты 2-деңгейдегі Эмитентке жіберу үшін «Тапсырыс беру»  түймешігін басу.

Пайдаланушы Заңды тұлғаның/жеке тұлғаның АЖО «Тапсырыстар» бөлімінде тапсырыс қалай орындалып жатқанын көре алады.

Бұл бөлімде Пайдаланушы тапсырыс жағдайларын көруге және тапсырыстарды басқаруға мүмкіндік алады.

Заңды тұлға/жеке кәсіпкер дербестендірілген таңбаны 2-деңгейдегі Эмитенттен алған кезде ЗТ/ЖК «Тауарларды (тері бұйымдары) таңбалау» СБӨ-де тапсырыстың қайтарылуын тіркеуге мүмкіндігі бар. Бұл үшін:

- Тапсырыс бойынша 2-деңгейдегі Эмитенттен таңбаларды алу;

- Таңбаларда ақау  бар-жоғын және/немесе тапсырысқа сәйкестігін тексеру;

- Ақау болған  және/немесе тапсырысқа сәйкес келмеген жағдайда пайдаланушы «Тапсырыстар» бөліміне кіруі тиіс;

- Осы таңбаларға тапсырыс бойынша «Балансқа қабылдау» түймешігін басу;

- Тапсырыс бойынша таңбалар тізімін қарау және ақаулы немесе қандай-да бір себептермен қабылданбаған таңбаны «Қабылданбаған» чек-боксымен белгілеу;

- «Қабылдау»  түймешігін басу;

- Таңбаларды қабылдау кезінде ақаулы таңбалар болған жағдайда пайдаланушы қайтару себебін көрсетіп, қайтару туралы құжатты тіркеуі керек.

-  Сақтау  түймешігін басу қажет,  СБӨ-де таңбалар 2-деңгейдегі Эмитентке қайтарылады.

Бақылау (сәйкестендіру) белгісін балансқа қабылдаған кезде «Тауарлар» бөліміндегі «Тапсырыстар» кіші бөлімінде «Таңбаланған» мәртебесі бар тауар автоматты түрде бейнеленеді, бұл сіздің таңбаны тауарға желімдеп қойғаныңызды (тігіп қойғаныңызды) білдіреді.

Тауарды таңбалау кезінде пайдаланушыны «Тауарлар» бөлімінде мына мәртебелерді өзгерте алады:

- Сатылды;

- БСБ жоғалған - жоғалған жағдайда осы тауарға жаңа БСБ тапсырыс беру қажет;

- Тауар жоғалған;

- Сатып алушы туралы мәліметтерді көрсете отырып, қайта сату (ЗТ/ЖК);

- Қайтару. Сату кезінде тауар қайтарылуы мүмкін.

Тауарды ЕАЭО елдерінің аумағында сатып алу кезінде пайдаланушы:

1) ЭЦҚ көмегімен «Тауарларды (тері бұйымдары) таңбалау» СБӨ-де авторизациядан өту;

2) «ЕАЭО шеңберінде сатып алынған тауарлар» бөліміне кіру;

3) «Тауарды қосу" түймешігін басу арқылы тауарды қосу;

4) Міндетті жолдарды[a1]  толтыру;

5) Тауар бойынша мәліметтерді қосу (БСБ нөмірі және/немесе ТID және/немесе SGTIN);

6) ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою;

7) ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің ұлттық компоненттеріне сұрау салуды жіберу үшін «Қосу»  түймешігін басу керек

Ескерту: TID дегеніміз не?

TID - бақылау (сәйкестендіру) белгісінің радиожиілік таңбасы чипінің сәйкестендіргіші.

ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттің ұлттық компонентінен оң жауап болған жағдайда тауар «Тауарларды (тері бұйымдары) таңбалау» СБӨ-де балансқа тіркеледі және пайдаланушының «Тауарлар» бөлімінде оның мәртебесін өзгертуге мүмкіндігі бар.

ЗТ/ЖК-ні  «Тауарларды (тері бұйымдары) таңбалау» СБӨ-де тіркеген ұйым басшысының «Ұйымдық-штаттық құрылым» бөліміне кіріп, СБӨ-ге қызметкерді қосуға мүмкіндігі бар.

 

Пайдаланушы қосқан кезде басшы мыналарды басқара алады:

- СБӨ-дегі  қызметкердің автоматтандырылған жұмыс орнына (АЖО)  оның қол жеткізу мерзімі;

- Қызметкер үшін қол жетімді АЖО функциялары.

*Ескерту: басшының СБӨ-де қызметкерді жою/бұғаттау/бұғаттан шығару, қызметкер  және оның СБӨ-ге қолжетімділігі туралы ақпаратты өзгертетін мүмкіндігі бар.

БСБ-ны өздігінен алып кету кезінде немесе курьер жеткізгенде алатын қызметкердің   аты-жөні мен жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін көрсету қажет.


GTIN нөмірлерін GS1 Kazakhstan ұйымы береді.

Байланыс деректері:

сайт: http://gs1.kz/

телефоны: +7 727 394 88 53

email: info@gs1.kz

Мекен-жайы: 050008, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 299