Үкімет 2020 жылдың 1 қазанынан бастап таңбалануға тиісті темекі өнімдері тізбесінің жобасын таныстырды

 

 

 Темекі өнімдерін міндетті таңбалау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. 

«Құрамында табак өнімдері бар темекі» тобын таңбалау 2020 жылдың 1 қазанынан бастап жүзеге асады деп жоспарлануда. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Басқа индустриялық жолмен әзірленген табак және индустриялық табақ алмастырушы; табак экстраты және эссенциясын» таңбалау жоспарлагған. 

2021 жылдың 1 сәуірінен тағы да жеті тауар түріне таңбалау жүргізіледі: Олар мыналар:

• «Құрамында қалампыр және табак өнімдері бар темекі өнімдері»,

• «Ұштары кесілген және табактан жасалған темекілер немесе оларды алмастырушылар»,

• Ұштары кесілген темекілер және құрамында табак бар темекілер»,

• «1 топта берілген субпозиция ескерту тобындағы қорқорға арналған табак»,

• «Құрамында кез-келген мөлшердегі табак алмастырушысы бар немесе жоқ, алғашқы бумасының таза салағы 500 г болатын басқа да шегетін табак өнімдері»,

• «Басқа да шайнау және иіскеу табак өнімдері»,

• «Басым органикалық қоспалардан тұратын, басқа жерлерде аты аталмаған және қосылмаған, 20С температурада сұйық күйінде болатын химиялық өнімдер немесе препараттар».