1 сәуірден бастап темекі өнімдері мен темекі алмастырғыштардың барлық түрлері үшін цифрлық таңбалау міндетті болды

ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
493
0 пікірлер

Бұдан былай өндірушілер мен импорттаушылар сигареттерді ғана емес, сигараларды, сигариллаларды, кальян темекісін және тіпті электрондық сигареттерге арналған стиктерді де Data Matrix кодымен таңбалауы тиіс. Осы топтардың таңбаланбаған тауарларының қалдықтары 2022 жылғы  1 сәуірге дейін сатылуы мүмкін.

Бұл норма «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы»  ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 қаулысымен реттеледі.

Сигареттерді цифрлық таңбалау Қазақстанда 2020 жылғы 1 қазаннан бастап міндетті болып табылады. Қазақстан аумағында өндірілетін немесе                  ҚР-ға импортталатын барлық сигареттер Data Matrix кодымен таңбаланады. Ол өндіріс кезінде сигареттердің әр қорабына тікелей салу әдісімен беріледі. Онда өндіруші, импорттаушы, тауар партиясының сериялық нөмірі туралы цифрлық ақпарат және оның қозғалысын бақылау үшін қажетті басқа да мәліметтер «тігілген». Бұл кодты криптоқорғаныстың арқасында қолдан жасау мүмкін емес.

Таңбаланған тауар туралы ақпарат Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне (ТТҚАЖ) енгізіледі. Кейіннен өнім оны сататын орындарға түседі және 2D-сканер немесе Naqty Sauda мобильді қосымшасы арқылы айналымнан шығарылады. Тауардың өндірістен бастап соңғы тұтынушыға сатуға дейінгі барлық жолын ТТҚАЖ-да қадағалауға болады.

 «Қазақстанда баламалы темекі өнімдерінің сегменті негізінен (жалпы көлемнің 90%-тен астамы) электрондық сигареттерге арналған стиктермен ұсынылған. Бұл топтың негізгі импорттаушылары Филип Моррис Қазақстан и Бритиш Американ Тобакко Қазақстан болып табылады. Бұл компаниялар өткен жылы сигареттерді таңбалау енгізілгеннен кейін таңбалау жабдықтарын орнатқан, сондықтан олардың стиктерді таңбалау шығындары аз болады», - деп атап өтті Бикеш Құрманғалиева, Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры («Қазақтелеком» АҚ ЕҰ).

Жалпы, болжамдық көрсеткіштер бойынша стиктер сегментінің көлемі 2021 жылы 100 млн қорапты құрайды, бұл ақшалай мәнде - 55 млрд теңгеден астам.

Сигаралар мен сигариллаларды Қазақстан нарығына жеткізушілердің аясы кеңірек, сондықтан олар үшін стикеттеу және заттаңбалау сияқты цифрлық таңбалаудың қосымша тәсілдері айқындалды. Олар таңбалау жабдықтарына күрделі шығындарды талап етпейді.

Ең үлкен процентін көлеңкелі айналым құрайтын балама темекінің сегменті кальянға арналған темекі болып табылады. «Біздің бағалауымыз бойынша кальян темекісінің 90%-і «көлеңкелі». Мұның басты себептерінің бірі - кальян темекісі үшін акциздің жоғары мөлшерлемесі. Бұл басқа темекі өнімдерінен ерекшеленбейді, дегенмен бұл өнімдегі темекінің мөлшері тек 20%-і құрайды. Осы сегментті «ағарту» бойынша шараларды күшейту үшін біз мемлекеттік органдарға акциздік мөлшерлемені төмендету мәселесін жұмысқа алуды ұсынамыз. Мұндай тәжірибе РФ-да бар. Онда кальян темекісіне акциздік мөлшерлеме кальян темекісіндегі темекі шикізатының проценттік құрамымен анықталады», - деп атап өтті Алмат Исмаилов, Цифрлық экономиканы дамыту орталығы Зерттеу және әзірлеу орталығының директоры («Қазақтелеком» АҚ ЕҰ).

Жалпы, 2020 жылы Қазақстанда темекі өнімдері нарығының көлемі                        1 млрд 200 млн қорап немесе 660 млрд теңгені құрады. Бұл ретте сарапшылардың бағасы бойынша көлеңкелі айналым 33 млрд теңгені құрады. Міндетті цифрлық таңбалауды енгізу нарықты айтарлықтай «ағартуға» көмектеседі.

 

Цифрлық экономиканы дамыту орталығының

Баспасөз қызметі

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін