Таураларды таңбалау өмірімізге қалай әсер етеді?  

 

 

Тауарларды таңбалау туралы көпшілк естсе де, оның амңынасы мен пайдасын толық түсінбеуі мүмкін, тауарларды таңбалау процессі жақын арада күнделікті өміріміздің қажеттілігіне айналады. КТАуарларды таңбалау күнделікті тіршілігіңізге жаңа леп беретін, қарқынды дамып жатқан сандық экономиканың үрдісі. Бұл процесстің негізі ерекшелігі - өнімге арнайы Datamatrix - кодын орнату. Жобаға бірінші кезекте өндірушілер, өнімді импорттаушылар мен сатушылар кең көлемде тартылатын болады. Жемісін бизнес пен қарапайым халық сөзсіз сезінетін болады.

Қазақстанда тауарларды таңбалау жобасын іске асыру жоспарлануда. 2017 жылдан бастап аң терісінен жасалған бұйымдар таңбаланып жатыр, ал алкоголь өнімдерін, сондай-ақ аяқ киім мен дәрі-дәрмек бұйымдарын таңбалау бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр. Темекі өнімдері болса, пилоттық жобадан өтті. Енді міндетті таңбалау жобасы алдағы уақытта жарияланатын болады. Айта кету керек, пилоттық жобаға қатысушылар өз еркімен қатысып отыр.

 

Өнімдерді таңбалау не үшін қажет? Бизнес пен қарапайым халыққа оның әсері қандай?

Өнімдерді таңбалау - бұл өнімге шифрланған арнайы код орнату деген сөз. Таңба Data-matrix коды ретінде жасалады. 

Data-matrix таңбасында үш түрлі кодтары бар. Ол кодтар криптографилық технологиямен қорғалған. Яғни ол кодтарды қолдан жасау немесе түзету қиынға түседі, ал өнім туралы деректерді жүйеден алып тастау мүмкін емес. Data-matrix кодын смартфонда NAQTY ÓNIM мобильді қосымшасы орнатылған. Әрбір адам өнімнің заңды, не заңсыз екендігін тексере алады. Сатып алушы мобильді қосымшаны қолданып,  дүкенде өнім туралы кең көлемді ақпарат ала алады: өнімнің өндірушісі, лоттың нөмірі, шығарылған күні, сериялық нөмірі және басқа маңызды ақпаратты дер кезінде тексере алады. Data-matrix арқылы өнімді өндірілген немесе сатылған сәттен бастап қозғалысын қадағалау мүмкіндігі да бар. Бұл мәліметтер, ақпараттық таңбалау және бақылау ақпараттық жүйесінде жиналады. 

Өнімдерді таңбалау не үшін қажет?

Қазақстанда жалған өнімді өндіру мен саудалау фактілері кездесіп жатады. Бұл өз кезегінде тұтынушының өміріне қауіп төндіріуіне, ал мүлігіне шығын алып келуі әбден мүмкін. 

Қарапайым мысал: жүргізуші көлік майын сатып аларда, оның жалған екенін анықтай алмай қолданады. Сапа тексерісінен өтпеген, жалған май қозғалтқыштың бұзылуына алып келеді. Шығынды өтеу үшін барар есік таппай, көлік иесі шығынға батады. Нәтижесінде қаржы мен уақытын жоғалтады. Егер сатып аларда қоғамдық қадағалау құралы ретінде әлгі жүргізуші NAQTY ÓNIM мобильді қосымшасын қолдануға мүмкіндік алғанда, және сатып алынатын өнімде Datamatrix коды болғанда, тұтынушы өз өзін қорғап қалуға мүмкіндігі болар еді. Бұл қарапайым көлік майына қатысты жасалған мысал. Ал жалған өнімдер тізбегі үлкен. Лицензия сатып алмай, салық төлемей, арнайы тексерістен өтпейтін жалған өндірушілер жауапкершіліктен жалтақтап жүреді. Демек, контрафакт өнімдер туралы мемлекеттік органдар бейхабар, тауар сапасы қадағалаудан өтпейді, сол салдардан қарапайым сатып алушы сапасыз тауарға қаржысын жұмсап, әурешілікке батады.

Әрине, мемлекет тарапынан жалған өнімдермен күрес толастар емес. Бірақ бұл жұмысты нәтижелі жүргізу үшін, заманауи озық технологияларды қолданбаса болмайды. Өнімді таңбалау және қадағалау жобасы контрабанда және жалған өнімдерге қатысты мәселелерді шешуге заманауи және тиімді тәсілін ұсынады, сонымен қатар бизнес пен қоғам үшін де өз пайдасын алып келетін болады.

Өнімдерді таңбалау және қадағалау жүйесі бизнеске пен өңдірушінің жұмыс жүргізу сапасын арттыруға қалай көмектеседі?

 

Бірінші кезекте таңбалау бизнес-процестерге өзгерістер алып келеді, тауарларды қабылдау, сақтау және сату кезегіне өз әсерін тигізеді. Өнімді таңбалау мен қадағалау жүйесі адамның араласуынсыз, тауарларды қоймаға апаруға немесе қоймадағы есептен шығарып алуға, тез жасауға мүмкіндік береді. Үлкен мөлшердегі өнім, бірнеше скандау әрекеті арқылы логистикалық процесттерді үдете түседі. Скандау процессі Data-matrix таңбасы арқасында бұл процесс жылдам қадамын басады.

Бүгінде арнайы скандау құрылғылары таңбалау мен қадағалау жүйесімен бірге пилоттық режимде кейбір өнім топтарында сынамадан өтіп жатыр. Ал қарапайым шағын дүкендер, 2D скандау құрылғыларын қолайлы баға мен қолайлы шарттармен алуына таңбалау операторы мүмкіндік жасап берді. Тіпті шағын дүкен иелері тегін мобильді қосымшасын жүктеп алып, өз өнімін сауда жасап отырады.

Өнімдерді таңбалау мен қадағалау жүйесі арқылы жиналатын ақпаратты бизнес иелері өз пайдасына қарай қолданады. Өнімнің сатылуын, тасымалдануын, серіктестердің оны қалай қабылдағаны мен қашан сатқаны туралы, өнімге деген қажеттілік  жайында ақпараттың негізінде кәсіп иелері өнімді шығару мен саудалау процесстерін өз пайдасына қарай реттейтін болады.