Ағымдағы жылы 11 маусымда Сауда және интеграция министрлігі қарамағындағы тауарларды таңбалау мен қадағалау жобасы бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.
Кездесу сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев төрағалық етті. Кездесуде кодтарды ЕАЕҚ мемлекеттерінде мойындалу механизмдерін іске асыру мен осы процессе дайындық барысы, сүт өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жобаларды бастау, аң терісінен жасалған бұйымдарды таңбалауды Ортақ операторқа тапсыру процедурасы, тауарларды таңбалау барысында криптоқорғау тәсілдерін қолдану мен басқа да өзекті сұрақтар талқыланды.
«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Евгений Больгерт сөзі барысында бір марканың құнын есептеу барысында қойылатын бағаның объективті түрде есептелуі мен бизнестің таңбалауға арналған құрал-жабдықтарын сатып алуына мемлекеттің қөмегін алға тартты. Кездеуде Ортақ операторға мемлекеттік органдармен марка тарифін нақтылау, тауарларды таңбалау пилоттық жобасына отандық компанияларды кеңінен тарту, криптоқорғау тәсілдерін қолдану мәселелері бойынша талқылауды ұйымдастру тапсырмасы берілді. Айта кету керек мұндай ведомствоаралық талқылаулар конструктивті әрі іскерлік атмосферада екі аптада бір рет өткізіліп тұрады.