Маркировка молока

Пилоттық жоба

1 қазан
2020 жылғы
Пилоттық жобаның басталуы
1 қарашаға дейін
2021 жылғы
Пилоттық жобаны ұзарту.
Пилоттық жобаға қатысушылар
«Сүт өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» 02.10.2020 жылғы №303 бұйрық
«Сүт өнімдерінің жекелеген түрлерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №129 шешімі

                                                                Сұрақ-жауап

Сүт өнімдерін таңбалау арқылы нарықты жалған өнімдерден «тазалау» жоспарланып отыр. Таңбалау арқылы бизнес өнімділікті арттырып, логистикалық схемаларды жетілдіріп, нарықтың үлесін арттыра алады және ең ақырында кірісін көбейте алады. Сонымен қатар, таңбалау арқылы сапасыз өнімдермен күресіп,   жалған мерзім мен жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарларды түзеп,  тауарды жеткізу кезінде бүлінген тауардан сақ болуға мүмкіндік береді. Бұл өнімнің сапасын және жоспарлаудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Көлеңкелі нарық үлесін төмендету есебінен нарық көлемінің ұлғаюы таңбаланатын өнім бағасының өсуіне таңбалаудың әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Көлеңкелі нарықтың үлесі азайған соң, нарық реттеліп, таңбалаудың өнім бағасына тигізетін әсері аз болады. Тауар бағасының орташа жылдық өсу қарқынын (6-13%) ескере отырып, сатып алушы БСБ (бақылау - сәйкестендіру белгісінің) баға құнының өсуін сезбейді.

Әрбір отандық өндіруші таңбалау жабдықтарын өз қалауы бойынша орнатады. Өз кезегінде, таңбалау жабдығын сатып алған өндірушілердің шығындарын өтеп беру туралы мемлекеттік қолдау мәселесі пысықталып жатыр.  Бұдан басқа, сүт өнімдерін өндірушілердің шығындарын азайту мақсатында оларды дайындау процесінде сүт өнімдеріне арналған қаптамаларды таңбалау мәселесі пысықталуда.

Сүт өнімдерін таңбалау кезінде сауда нүктелерінің иелері шығынға ұшырамайды, өйткені сүт өнімдерін немесе қаптамаларды өндіретіндер ғана таңбалау жасайды. 

Сүт өнімдерін таңбалау Сіздің бизнесіңіз жүргізілетін салық режиміне әсер етпейді, өйткені салық салудың негізгі қағидаттарын өзгертпейді.

Сүт өнімдерін таңбалау нәтижесінде тұтынушы бірінші кезекте сапалы тауар алады, өйткені таңбалау сапасыз және жалған өнімдермен күресте негізгі құрал болады.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап сүт өнімдерінің жекелеген түрлерін міндетті таңбалауды енгізу жоспарланып отыр, оны сүт өнімдерін немесе қаптамаларды өндірушілер жүзеге асыратын болады және тиісінше сауда нүктелері таңбаланған тауарды алатын болады.